Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
123 материал табылды

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Ар ілімі һәм арылу

Лев Толстой атақты «Арылу» (Воскресение) романында кезінде жігіттік желіктің жетегін­де кеткен жас бекзаданың күнәдан арылып, сол арқылы кісілік кемел­дікке жетуінің кезең­дерін керемет суреттейді. Романда арына дақ түсірген Маслованың алдында ақталудан бас­тап, қоғамның шынайы кейпімен һәм өзінің ішкі жан дүниесімен бетпе-бет келіп, арпалысу арқылы арылған, тұлғалық толысудың сатыларынан сүрінбей өткен Нехлюдовтың талайлы тағдыры арқылы Абайша айтқанда «толық адамға» айналған Толстойдың өзін көргендейміз. Сондықтан бұл шығарма бізге ұлы жазушының басты туындысы болып көрінеді.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2020

Дархан Қыдырәлі жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Құрметті оқырман! Егемен еліміз еңсесі биік, абыройы асқақ, тәуелсіздігі тұғырлы қалыпта тағы бір мерейлі жылды артта қалдырып, Жаңа жыл күнтізбесінің алғашқы парағын сіздермен бірге амандықта ашып отыр. Өткен жылға өкпелеуімізге болмас. Әрине, сынаққа сабыр қылдық. Жағымды жаңалықтарды ғана жариялап қоймай, ел газеті ретінде халықтың қабырғасын қайыстырған ауыр күндерді Алашпен бірге көтеруге тырыстық. Жалпы, былтыр ел үшін берекелі, бас басылым үшін мерекелі жыл болды деуімізге болады.

Руханият • 19 Қараша, 2019

Ер Едіге және елдік мүдде

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлық Ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығы жер-жерде аталып, тағылымды шаралар өтуде. Сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі осы алып мемлекеттің іргесі сөгілгеніне де 600 жыл болыпты. Мұның бір айғағы – әйгілі Едіге дастаны.

Руханият • 13 Қараша, 2019

«Атыңнан айналайын, Әулие ата»

Талайлы тарихымызда Тараз-Таластың алар орны айрықша екені даусыз. Екі мың жыл бұрын негізі қаланған, Батыс Түрік қағанаты салтанат құрған, күллі түркі жұрты ислам дінін қабылдаған, ғылым мен мәдениеттің мәйегі болған, Фирдоуси, Рудаки сынды әлемге әйгілі Шығыс шайырлары жырларын тарту еткен, әйгілі Талас құрылтайы өткен, Қазақ хандығының құтты қазығы қағылған қасиетті қаланы халқымыз әспеттеп Әулие ата деп атаған.

Әлем • 14 Қазан, 2019

Түгел түркіні түгендеген

Тамырын тереңге тартқан, тарихы тағылымды түркі дүниесі тағы бір бедерлі белесті бағындырып, биікке беттеп барады. Олай дейтініміз, 15 қазан күні бауырлас Әзербайжан елінің астанасы Бакуде өтетін Түркі кеңесінің VII саммиті бір кезеңнің қорытындысын шығарып, алдағы кезеңнің бағдарын белгілейтін басқосу болмақ.

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Алаштың айбоз абызы

Қазақ әдебиеті мен мәдениетін кі­реуке қардың астынан гүл атқан жауқазындай дүркірете жасартып, жаңғыртып жіберген алпысыншы жылдардағы жаңа толқынның бет­бұрысты тағдыры мен талайы ұл­тымыздың даму тарихында­ бүгін­де­рі айтулы бір белес болып қалды.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Ұлық ұлыстың атасы

Биыл Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдадық.

Президент • 02 Сәуір, 2019

Президент: «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұхбат берді.

28 Наурыз, 2019

Азаттық архитекторы

Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Тарихтан тағылым түйгендер ғана ертеңге бағыт бере алады. Бұл ретте Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды. 

Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Қазақ мемлекеттігінің бір бастауы: Моғолстан, Қайду және Талас құрылтайы

Биыл тарлан тарихымызға бетбұрыс әкелген Талас құрылтайына 750 жыл толып отыр! Талай мемлекеттер ту көтерген киелі Талас жерінде 1269 жылы Қайду ханның шақыруымен ұлы құрылтай өтіп, Ұлы далада Жошы Ұлысы (Ұлық ұлыс – Алтын Орда) мен Моғолстан бой көтерді. Сондықтан биыл Алтын Орда мен Моғолстанның құрылуының да 750 жылдығы!