Қоғам • 26 Шілде, 2024
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен ғылым және жоғары білім саласы туралы онлайн брифинг өтті. Онда сала басшысы министрліктің атқарған жұмысы, ғылыми инфрақұрылым мен жоғары білім беруді дамыту, сондай-ақ шетел жоғары оқу орындарының елімізде ашылған филиалы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар жоғары сапалы зерттеу мен әзірлеме жүргізуге мүмкіндік беретін университеттер жанындағы зертхана мен зерттеу орталығын жаңғыртуға баса назар аударылғанын сөз етті.
Ғылым • 25 Шілде, 2024
Тазының генетикалық құрылымын зерттеді
Халқымыз «Ит – жеті қазынаның бірі» деп айтады. Әсіресе оның ішінде жүгірген аңды құр жібермейтін қазақы тазының жөні бөлек. Алайда тазының осы уақытқа дейін генетикалық құрылымы жұмбақ болып келді. Отандық Генетика және физиология институтының ғалымдары соның жауабын заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді қолдана отырып шешуді ұйғарған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Ең қысқа әңгіме • 13 Шілде, 2024
Уақыт өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме – бүгінде адами асыл құндылықтарға көп мән бермейміз. Біздің бала күніміздегідей ел ішіндегі жағымсыз әдетті, әдепсіз қылықты бірден тыйып тастайтын үлкендер жоқтың қасы. Қазір әркім өз білгенімен, өз түсінігімен өмір сүреді. Әсіресе қалада ұятты белден басып жүретіндер көбейген секілді. Оның себебі де бар. Ауылда бәрі таныс. Кімнің не істеп, не киіп жүргені алақандағыдай көрініп тұрады. Ал қаланың жөні бөлек. Мұнда ешкім ешкімді танымайды және оған назар да салмайды. Әркім өз тірлігімен әуре. Сондықтан қалаға келген жастар «тәйт!» деп отыратын әке-шеше болмағаннан кейін «өзім білемге» салынады.
Әдебиет • 12 Шілде, 2024
Жақында белгілі жазушы Марат Мәжитовтің «Бір шөкім бұлт» атты жыр жинағы жарық көрді. Бұған дейін бірнеше прозалық кітап жазған қарымды қаламгердің өлеңдер жинағы алғаш рет шығып отыр.
Ғылым • 12 Шілде, 2024
Қазір отандық жас ғалымдардың ғылым саласындағы жаңаша талпыныстары көңіл қуантады. Айталық, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жас ғалымдары медициналық мекемелерге қажеттілігі мол робот-курьер жасап шығарған.
Білім • 05 Шілде, 2024
Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында «Astana IT» университетінде «Жоғары білім және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» халықаралық симпозиумы өтті. Оған Президент кеңесшісі Болат Ақшолақов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэн, «Жібек жолы» университеттері альянсының хатшылығы, 20-дан аса отандық және шетелдік жоғары оқу орнының басшылары қатысты.
Қоғам • 04 Шілде, 2024
Биылғы Ұлттық құрылтайда жастардың кітап оқуына айрықша тоқталған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек», деп айтты. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент бастамасына үн қатып, өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» атты акциясын бастаған еді.
Тарих • 04 Шілде, 2024
«Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды», деген сөз бар. Осы тәмсілді сәл бұрып айтсақ, ауыл баласы да қаланың бар игілігін көріп жүрсе де, ауылға қарап елеңдеп тұрады. Басқаны қайдам, өзім сондаймын. Бас шаһарда тұрып жатқаныма, міне, жиырма жылға тақап қалды. Сонда да туған ауылым бір сәт ойымнан шықпайды. Түсімде де қаланы емес, топырағында жалаң аяқ талай жүгірген осы бір жүрекке ыстық мекенді жиі көремін. Сағынамын. Ал сондай кезде көз алдыма сағымдай бұлдырап қалған қызыққа толы балалық шағым келеді.
Ғылым • 27 Маусым, 2024
Күні кеше ғана 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы белгілі болды.
Білім • 26 Маусым, 2024
Бұл жоба «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «ESEN Foundation», «BAQ» және «ANSA» қорлары консорциумымен және «Amanat» партиясының қолдауымен Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ауыл мектептерінде жүзеге асып отыр.