Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
84 материал табылды

Өнер • 22 Қыркүйек, 2021

Қоңыр әуен

Кейінгі кездері ұлттық бейнелеу өнерімізді биікке көтерген талантты тұлғаларымыздың туындыларына зер сала жүріп, олардың шығармашылығы әлемдегі атақты қылқалам ше­берлерінен мысқалдай кем еместігіне көзіміз жеткендей болды. Сондай көрнекті суретшінің бірі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері − Үкі Әжиев.

Тарих • 09 Қыркүйек, 2021

Динаның домбырасы

Елордадағы Ұлттық музейдің төрінде биыл туғанына 160 жыл толған атақты күйші, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың қолының табы қалған домбырасы тұр.

Өнер • 09 Қыркүйек, 2021

Отандық операдағы айтулы оқиға

«Астана Операның» талантты әншісі, аталған театрдағы опера труппасының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов еліміздің вокалдық классикалық өнері тарихында алғаш рет әлемдік деңгейдегі бірегей жобаға – Винченцо Беллинидің «Пуритандар» операсының CD-дисктегі аудиожазбасын жасауға қатысты. Онымен бірге операны бельканто жұлдыздары – тенор Лоуренс Браунли, сопрано Сара Кобурн (АҚШ) орындады.

Өнер • 06 Қыркүйек, 2021

Пейзаж жанрының жыршысы

Ұлттық бейнелеу өнері дегенде алдымен, осы өрелі өнердің кәсіби негізін қалап, шырқау биікке көтерген Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Молдахмет Кенбаев, Әубәкір Ысмайылов секілді талантты тұлғалар ойымызға келеді. Осы алыптардың ізін баса келген, көрнекті кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Жаңатай Шәрденов те бейнелеу өнерінде өз өрнегі мен қолтаңбасын қалыптастырды. Әсіресе көзіқарақты қауым суретшінің табиғаттың таңғажайып құбылыстарын көркем бедерлеген туындыларын ерекше бағалайды.

Руханият • 23 Тамыз, 2021

Хакім хазірет

Биылғы мамыр айында ел газетінде «Кеңес заманында қажыға барған» атты («Егемен Қазақстан» 03.05 2021. ж) Нүркей қажы Биғабылұлы туралы мақаламыз жарық көрген еді. Сол қасиетті сапарға елімізден Нүркей қариямен бірге Хакім Омарұлы мен Еркін Қозыбаев деген тағы екі қазақ азаматы да аттанған. Жуырда осы дүниені газеттен оқып, суреттен әкесінің бейнесін көрген Хакім қажының қызы Хамида апай хабарласып, сол кездегі түрлі кедергіге қарамастан екі мәрте қажылыққа барған әкесі туралы айтып берді.

Қазақстан • 11 Тамыз, 2021

Сәкентау

Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көр­кем, талай талантты тұл­­ғалар туған – Баян­ауыл­ды «құт қонған жер» деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қо­ғам қайраткері Сәкен Сей­­фулиннің есімімен ата­латын тау бар.

Өнер • 11 Тамыз, 2021

Біржан салдың «Айбозымы»

Қазақ өнерінің алыбы – Біржан сал бабамыздың асқақ «Айбозым» әнін жұртшылық жақсы біледі. Бұл әнді алғаш сахнада орындаған – дүлдүл әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Қайрат Байбосынов. Біз бүгінгі әңгімемізде бір кездері ұмыт бола бастаған осы туындының қайта жарыққа шығуына себепкер болған бір оқиғаны баяндасақ дейміз. Оны бізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжол айтып берген еді.

Әдебиет • 10 Тамыз, 2021

Ақынды еске алды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен елордадағы Қаламгерлер аллеясында «Өлеңім, сен аман бол бұл дүниеде...» атты өмірден ерте озған талантты ақын Марфуға Бекте­мірованы еске алу кеші өтті.

Әдебиет • 09 Тамыз, 2021

«Кітап оқуға көп уақыт бөлемін»

Қазіргі балалар әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген жазушының бірі, Ха­лықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым ағамыз. Жақында белгілі қаламгермен жолығып, «Не жазып жүрсіз?» деген сауалымызды қойған едік.

Өнер • 05 Тамыз, 2021

Нұрханның домбырасы

Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінде тағылымды тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер жетерлік. Сондай асыл дүниенің бірі – Қазақстанның халық ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрхан Ахметбеков­тің домбырасы.