Білім • 22 Мамыр, 2023
Берлин Еуразиялық клубының 37-отырысына қатысушылар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Германия арасындағы техникалық жоғары және кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Жәдігер • 15 Мамыр, 2023
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаны туралы куәлігі сақталған. Куәлік бланкісі орыс тілінде жазылған. Сол жағында көрнекті қайраткердің 6 х 4,5 суреті мен куәліктің соңында институт директорының, тіл және әдебиет бөлімі меңгерушісінің және секретардың қолы қойылып, мөрі басылған.
Пікір • 15 Мамыр, 2023
Қазір ауылда жастар қалмай барады дегенді жиі естиміз. Бірақ оған жастарды кінәлау қиын. Жалпы, бұл өте күрделі мәселе. Оның түрлі себебі бар. Алдымен соған үңіліп көрейік.
Егемен Қазақстан • 08 Мамыр, 2023
Жақында филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, жазушы, 1996-1998 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болған Уәлихан Қалижанұлы 75 жасқа толды. Осыған орай «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы белгілі қоғам қайраткеріне сый-құрмет көрсетті.
Ұстаз • 05 Мамыр, 2023
Өмірде жан-жағын жылы шуаққа толтырып жүретін жандар болады. Сондай адамдардың бірі, ұлағатты ұстаз, Білім беру ісінің үздігі – Оспан Сүлейменұлы.
Ғылым • 05 Мамыр, 2023
Ұлттық архивте филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Көсем сөздің кеншісі» атты жеке тек қорының ашылуы мен Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан жарық көрген «Мәлік Ғабдуллин» кітабының таныстырылымы өтті.
Тұлға • 05 Мамыр, 2023
Өлең құрылысының өрелі зерттеушісі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зәки Ахметовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары» атты екі күнге созылатын халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның ашылуы болды. Оған отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.
Көрме • 02 Мамыр, 2023
Ұлттық музейде белгілі зерттеуші, этнограф, суретші, тарих ғылымдарының кандидаты Қалиолла Ахметжанның «Қазақ батырларының қару-жарағы» атты көрмесі өтіп жатыр.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
Еліміздегі авиация әкімшілігі дрон иелерімен өзара іс-қимылды нығайту үшін арнайы «Dronekazakhstan» telegram арнасын іске қосты.
Музей • 26 Сәуір, 2023
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен елорда іргесінде «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы салынып жатыр. 412 гектар аумақты алып жатқан кешен еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей болмақ.