Аймақтар • 14 Шілде, 2018
Құлсарыдағы көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту проблемасы шешіліп жатыр
«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды су таратқышы Құлсары қаласында су беру мөлшерін тәулігіне 9400-ден 12000 кубметрге дейін көтерді, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Әлем • 14 Шілде, 2018
Казунори Намура: «Ваби-саби» әдісі - шынайылықтың шыңы
Жақында Назарбаев университетінің аумағында жапон елінің сәулеті негізінде салынған шығыс мәдени орталығы ашылды. Нысан кең зал мен жапондық тас бағының үлгісінде жасалған бақтан тұрады. Осы орайда Астанадағы жапон бағын салған Нара префектурасының Кашихара қаласынан келген танымал бағбаны Казунори Намурамен сұхбаттасқан едік. Сонымен қатар Кашихара қаласында 2020 жылы Токио қаласында болатын Олимпиадалық ойындар кезінде Қазақстан спортшыларын қабылдайтын «Host Town» орналасқан.
Әлем • 14 Шілде, 2018
Токио-2020: Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадан басталады
2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті Токио-2020 Олимпиада алауының эстафетасы туралы алғашқы мәліметтермен бөлісті.
Медицина • 14 Шілде, 2018
Астанада 21 шілдеден бастап автобустарға жаңа тариф енгізіледі
2018 жылдың 21 шілдесінен бастап елордадағы қоғамдық көліктерге сараланған тариф қолданылады, деп хабарлады Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Әлем • 14 Шілде, 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне қатысты өз көзқарасын ұсынды
Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік қауіпсіздігінің болмауына, заңсыз көші-қонға, әлеуметтік тұрақсыздыққа және қиян-кескі қақтығыстарға әкелуі мүмкін «қауіп-қатердің мультипликаторы» болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 11 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «климаттың өзгеруімен байланысты қауіпсіздіктің тәуекелдері» тақырыбында өткен ашық пікірталастың барысында мәлімдеді.
Өнер • 14 Шілде, 2018
Қазақстандық әнші «Славян базары» халықаралық байқаудың финалына өтті
Қазақстандық әнші Ернар Садырбаев «Славян базары» халықаралық байқаудың финалына өтті.
• 14 Шілде, 2018
Депутаттар Маңғыстау облысындағы спорт мектебіне барды
Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелері Тарас Хитуов, Кәрібай Мұсырман, Асылбек Смағұлов және Сәкен Өтебаев Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне» барды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 14 Шілде, 2018
Мәжілісмендер Петропавлда Оқушылар сарайының құрылысымен танысты
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комиетінің төрағасы Мұхтар Ерман мен депутат Сергей Звольскийдің Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайының құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қоғам • 14 Шілде, 2018
Рудныйда полицейлер ресейлік азаматты жүрек талмасынан аман алып қалды
Рудный қаласындағы жергілікті полиция қызметкерлері Мақсұт Досыбаев пен Рамзан Тимухаев көшеде жүрек талмасынан құлаған азаматқа жедел медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2018
Павлодар өзен порты жылына 2 миллион тонна жүк тасымалдайды
Облыс орталығындағы «Павлодар өзен порты» АҚ жыл сайын жаңарып, жаңғыру жолында қызмет етуде.