Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Тегін дәріге қол жеткізудегі қиындықтар
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында өткізген есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, министрлік бірінші кезекте қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударады.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы ашылды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімін жетілдіру бағытында жұмыс істейтін академия филиалының ашылуына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев арнайы келді.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Төртінші мегаполистің жай-күйі Ақтөбеде талқыланды
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өткен жұмада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, Бес әлеуметтік бастамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару мәселелері бойынша өңір активімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Темір жол билетінің тапшылығы неліктен жазда туындайды?
Жаз шығысымен елімізде темір жол билеттерінің тапшылығы пайда болады. Бұл дүрмек жыл сайын қайталанатын жағымсыз құбылысқа айналды және аталған тапшылықты толық жоюға құзырлы орындардың дәрменсіздігіне, ресми жауаптарына етіміз үйреніп кетті. Мәселен, қазір Астанадан еліміздің батысы мен шығысына, тіпті Алматыға жетудің өзі мұң. Ал аймақтардағы ахуалдың бұдан асып бара жатқаны да шамалы. Бірнеше ай бұрын қимылдамасаңыз, маусым мен қыркүйек айларының аралығында жолға шығу мүмкін емес.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларының құттықтаулары келіп түсуде.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Сағындырған сал Біржан – ақын Сара
Өткен сенбі күні Бурабай баурайындағы Абылай хан алаңында тұңғыш рет ашық аспан астында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы құрметіне әйгілі композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы Open Air форматында қойылды. Қойылымды ұлы өнерге іңкәр көңіл көрерменмен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады.
Қазақстан • 15 Шілде, 2018
Астанада Қазақстандық-Швейцариялық Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы өтті
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Алпысбаев Астанада өткен Қазақстандық-Швейцариялық Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан • 15 Шілде, 2018
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Қазақстан • 15 Шілде, 2018
Облыстық жайдарман ойындарының финалдық сайысының қорытындысы
Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті.
Қазақстан • 15 Шілде, 2018
Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады
Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.