Медицина • 16 Шілде, 2018
Жұмыссыз жастарға жол көрсететін жоба
Ресми дерек көздері бойынша оңтүстік шаһардың халқы 1 миллион 870 мың адамнан тұрады. Алматыға 280 мыңға тарта студенттен бөлек, жылына 30 мыңдай жас жұмыс іздеп келеді. Оның 80 пайызы ауыл жастары. Қала тіршілігі қатал. Олар жұмыс істегісі келеді, бірақ қайдан табарын білмейді. Олар өз құқығын қорғағысы келеді, бірақ жүзеге асырудың жолдарынан бейхабар. Үйлі болғысы келеді, бірақ оның жүйесін білмейді. Кәсіп ашқысы келеді, бірақ оның тетігін ұстай алмайды. Оларға осы сұрақтың жауабын тауып, дұрыс бағыт-бағдар беріп жүрген ұйымдар қоғамда жоқ емес, бар. Жоғарыдағы сауалдың жауабын бұл жолы Алматыдағы «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінен іздедік.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Әңгіме өзегі – әйелдердің қоғам дамуындағы рөлі
Орал қаласында «Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы. Аймақтық ынтымақтастықтың тәжірибесі» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырды.
Медицина • 16 Шілде, 2018
Тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады
Биыл жыл соңына дейін 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.
Ауыл • 16 Шілде, 2018
Маңғыстауда «Нұр-Капитал» бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді
Аймақтар • 16 Шілде, 2018
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму өлшемдерінің бірі – тікелей құрылыс саласына да байланысты. Бірақ бой көтерген құрылыс нысандарының, тұрғын үйлердің сапасыздығы, бөлінген қаржының талан-таражға түсетіні жайлы жиі айтылады. Жаңадан пайдалануға берілген нысандардың жыл өтпей жатып қайта жөнделуі, дау-дамайлардың туындауы қазір аз емес. Үйлер құлады, үйлер қисайды, қыруар қаражат мақсатсыз жұмсалды, құрылысты пайдалануға уақытында тапсыра алмады деген әртүрлі ақпараттарды естіп те, көріп жүрміз.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Жоғарғы сот жартыжылдық жұмысын қорытындылады
Жоғарғы сотта сот төрелігін жүзеге асырудың 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
Инновациялық технологиялар – даму кепілі
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Қарағанды облысының Жезқазған қаласына арнайы барып, өңірдің осы бағыттағы тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев қазіргі заманғы энерготиімді жабдықпен қамтамасыз етілген кәсіпорында болды. Сондай-ақ оқушыларға бағдарламалау мен робот техникаларының негіздерін үйрететін IT-орталықтар мен IT-сыныптарға және Сәтбаев қаласындағы заманауи «Co-working орталығы» ашылған Орталық кітапханаға барды.
Қазақстан • 16 Шілде, 2018
«...Иероглиф әлі ешқандай белгі түспеген таза параққа келісті түседі». Бұл – Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласының бас архитекторы, жапон сәулетшісі Кисе Курокаваның қазақтың кіндік қаласы турасында айтқан тағылымды ойы. Рас, бірінші болу, әлі ешкім жүріп, басып көрмеген тыңға түрен салу қай кезеңде де оңай болмаған. Бұл тәуекел кім-кімнен де батылдық һәм шешімгерлікті талап еткен.