• 17 Қаңтар, 2019
Мұздан қашалған ертегі кейіпкерлері
Елордада өтіп жатқан мұздан жасалған көркем туындылардың халықаралық байқауы аяқталды. Қазақстан, Ресей, Қытайдан арнайы атсалысқан 14 топ небәрі төрт күн ішінде шығыс ертегісі кейіпкерлерін нақышына келтіре қашап шықты.
• 17 Қаңтар, 2019
• 17 Қаңтар, 2019
«Ауыз судың азабы»: Зеренді ауданы әкімдігінен жауап келді
Аталған мақалада Ақмола облысының бірқатар ауданындағы ауыз су мәселесінің өткір күйінде тұрғаны, соның ішінде Көкшетау қаласының іргесіндегі Березняковка ауылының тұрғындары суды тасымалдап ішіп отырғаны және басқа да аудандардың елді мекендерін сумен қамтуда толғақты мәселелер қордаланып қалғаны жазылған болатын.
• 16 Қаңтар, 2019
Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді
«Нұр Отан» партиясы елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасына барған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.
• 16 Қаңтар, 2019
«Татулық» орталығының пайдасын дауласқандар көреді
Қарағанды облысының Осакаров ауданында ашылған «Татулық» медиация орталығында кәсіби медиаторлар мен ел ішіне сыйлы ақсақалдар қызмет ететін болады.
• 16 Қаңтар, 2019
Атыраулық кәсіпкерлерді не алаңдатады?
Бизнес бастаудың қиындығы да, қызығы да бар. Атыраулық кәсіпкерлер жер телімін алуға қатысты мәселелерге көп кезігеді. Облыстық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұқпаеваның айтуынша, өткен жылы бизнесті қорғау туралы 165 өтінім түскен, соның 80-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
• 16 Қаңтар, 2019
Соңғы технологиялар темекімен күресте жеңіп шықты
2018 жылдың соңында Лондонда электронды темекі бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық Саммит өтті. Талқыланған мәселелер бойынша адамдар қазіргі заманғы үрдістерді ұстанатын болса, темекі шегетіндердің саны екі есе азаяды.
• 16 Қаңтар, 2019
Салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы тапсырма берді.
• 16 Қаңтар, 2019
Алматыда сымбатты ескерткіш орнатылды
Қалың ойлардың құшағына қамалып жол жиегімен келе жатқанымызда шаһардағы Орталық музей маңынан өзгеше өрнектелген өнер туындысын кездестірдік. Кейін білгеніміздей, бұл жас суретшілер орталығының өнерлі жастарының қолынан шыққан Босаға өрнегі екен. Халқымыз қадір тұтқан киелі босағаның киесін бойымызға сіңіріп өскен біз үшін, бұл құндылықтың қасиеті құлжадай қадірлі еді.
• 16 Қаңтар, 2019
Алматыда аудармашылар мен авторлар кездесті
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» өткізген кезекті жиын кеше Алматы қаласында жалғасын тапты. Бұл жоба Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі.