Аймақтар • 06 Шілде, 2018
Талдықорғанда «Астана» даңғылы ашылды
Енді Жетісудың кіндік қаласының тұрғындары Астана даңғылымен жүретін болды. Өйткені, бүгін Талдықорған қаласында елорда аттас көше ашылды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2018
Павлодар облысында энергетиктерге пәтер берілді
Астананың 20 жылдығы мен Ақсу электр стансасының 50-жылдығына орай Ақсу қаласында Еуразиялық Топтың Тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл мерекелі күн ERG құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ энергетиктеріне қуаныш сыйлады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2018
Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығы аумағында жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды
Астана күні мерекесі қарсаңында Атырау облысында мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша, 13 санат бойынша кезекте тұрғандарға пәтер секілді әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, сонымен қатар Сарайшық қалашығының орнын сақтап қалу мақсатында жасалған жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды.
Қазақстан • 06 Шілде, 2018
Президент Астана күнінің қалай таңдалғанын айтты
Астана күні шын мәнінде қалай таңдалды? Бұл туралы Елбасының айтып бергені видеосын Қазақстан Президентінің Телерадиокешені жариялады.
Қазақстан • 06 Шілде, 2018
АҚШ елшісі Астана туралы қазақ тілінде өлең оқып берді
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол елорда туралы қазақ тілінде өлең оқып берді.
Президент • 06 Шілде, 2018
Орталық Азия елдерінің басшылары «Астана» ХҚО-мен танысты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 06 Шілде, 2018
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астанаға 20 жыл» медалі тапсырылды
Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай кездесу өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Шілде, 2018
«Қазақ елі» алаңындағы гала-концертке балалар кіргізілмейді
Астана қаласының Ішкі істер департаменті елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың аясында 16 жасқа толмаған азаматтарды «Қазақ елі» монументінің алаңында өтетін гала-концертке бармауды, кішкентай сәбилері бар ата-аналарды сол концертке балаларын ертіп келмеуін сұрайды. Бұл туралы әкімдік сайты хабарлайды.
Театр • 06 Шілде, 2018
Қуыршақ... құйтақандай құлын шақ
Астананың 20 жылдық торқалы тойына әзірленген сый-сияпаттың ішінде әсіресе балаларға арналған іс-шаралардың, балапандарға мерекелік көңіл күй сыйлап, сәби жүрегіне қуаныш пен шаттық ұялатқан рухани тартудың жөн-жосығы басқалардан гөрі ерекшелеу сезіледі... Дүниеде сәби жүзіне күлкі үйіре алудан асқан бақытты тірлік бар ма, сірә! Күні кеше ғана өз мәресіне жеткен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құралай Ешмұратова атындағы «Құралай» II Халықаралық қуыршақ театры фестивалі ең алдымен, әлемде алғашқылардың бірі болып осы мақсатты жүзеге асыруға атсалысқан еліміздегі бірден-бір жоба ретінде үлкен мәнге ие десек, екінші жағынан, елорданың ұмыт болып бара жатқан өнерді қолдап, қуаттап, құйтақандай өнер ұжымдарының ортақ төріне айналуы, өзара тәжірибе алмасу алаңы саналуы – құптарлық құнды жоба.
Кино • 06 Шілде, 2018
Ұлтының ерекшелігін ескергендер ұтады
ХІV халықаралық «Еуразия» кинофестиваліндегі маңызды шаралардың бірі арнайы шақырылған атақты режиссерлермен ұйымдастырылған кездесулер екенін атап өту керек.