Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті
Ақтау қаласында «Мемлекеттік қызметші күні» және «Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына» арналған салтанатты шара аталып өтілді.
Қазақстан • 25 Маусым, 2018
1 шілдеден бастап зейнетақы мөлшері артады
Бүгін Елбасы Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау әдістемесін өзгерту туралы өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Тәртіпті таксидің жұлдызды шағы
Кеше Орал қаласында ХХІ ғасыр басталғалы жол ережесін бір мәрте де бұзбаған, айыпқа тартылмаған такси жүргізушілерін Орал қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасы ерекше құттықтады.
Парламент • 25 Маусым, 2018
Сағынтаевтың қатысуымен Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі талқыланды
Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев №1 қалалық емханада болып, онда жаңа цифрлық технологиялармен танысып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Семейде Сабантой мерекесі облыстық деңгейде тойланды
Сабантой татар халқының егін бітік шықсын деген тілекпен жасайтын көктем мерекесі. Семейдегі Ертіс жағалауында Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығының төрайымы, Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері, Камилия Исмаилованың жетекшілігімен Татар халқының ұлттық мерекесі кең ауқымда, облыстық деңгейде атап өтілді. Атаулы мерекеде татар халқының ән-жырлары шырқалып, ұлттық ойындарынан сайыс өтті. Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, даңқты спортшы Ром Ильматовтың айтуынша «Татарча курәс» ойынына қатысушылардың санында шек болмады.
Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында алғаш рет Алматы қаласының фотосуреттер және суреттер, заманауи теледидарлар QLED озық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялар көрмесі өтті.
Үкімет • 25 Маусым, 2018
ҚР ЕХӘҚМ базалық зейнетақы қалай есептелетінін түсіндірді
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі қандай параметрлер бойынша ескеріледі, есептеу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек, бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкімет • 25 Маусым, 2018
Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Үздік ауыл атанған Арқатта ұлттық үлгідегі су бұрқақ іске қосылды.
Қазақта «Ауылына қарап, азаматын таны» деген нақыл сөз бар. Ауыл ажары, көшелер келбеті, тұрғын үйлердің тазалығы – елдің елдігін, береке-бірлігін айқындайды, қарапайым халықтың ауызбіршілігін көрсетеді.
Білім • 25 Маусым, 2018
Ақтауда университет түлектеріне диплом табысталды
Маңғыстау өлкесінің еңселі білім ордасы Yessenov University-де түлектердің диплом алу салтанаты өтіп, оқу орнын қызыл дипломмен бітірген 22 студент аймақ басшысының қолынан диплом алды.