Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

19 Желтоқсан, 2018

Еуропа чемпионы Қазақстанның шахмат мектебін мақтады

Шахматтан халықаралық гроссмейстер, Еуропа чемпионы, Украина құрамасы сапында Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы Александр Моисеенко Қазақстанда шахматтың дамуына жоғары баға берді.  

16 Желтоқсан, 2018

Тарихшылар «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өткізді

«Ғылым ордасының» конференц-залында Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өтті.

14 Желтоқсан, 2018

Ғасырлар бойы армандаған азаттық

«Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды» дейді біздің ұлы бабаларымыздың бірі – қаз дауысты Қазыбек. Қай халықтың болса да басты тілеуі осы. Күреспен өткен өмір жолдарының бар­лы­ғы, қан майданның қай түрі бол­сын біреудің өктемдігіне бас имеу, өз тәуелсіздігін, өз хал­қының бостандығын арман-мақсат етуден шығады. Қазақ халқы да ғасырлар бойы осы күрес жолынан өткен. 

14 Желтоқсан, 2018

Елдіктің елең-алаңы

Мына дүниеде қазір өмір сүріп жатқан халықтардың саны 2500-ден асады. Соның өз мемлекеттілігіне ие болып, Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қа­бы­л­данғандары 200-ге жуығы ғана. Одан да нақ­тылап айтсақ, 195 мемлекет. Болды, бітті. Бас­қа мемлекеттер жоқ. Саны жа­ғы­нан қазағыңызды сан орап кете­тін ұлттардың арасында да өз елі өзіне өлең төсегі бола алмай, туған жерінен бір жа­пырақ туын тігетін алақандай төбе таба алмай жетімсіреп жүргендері жетерлік. Сон­дықтан біз басымыздағы бақты баға­лауға тиіспіз.

13 Желтоқсан, 2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.  

13 Желтоқсан, 2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ашхабадта өткен ресми қабылдауда Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Мамметхан Чақыев сөз сөйледі. Ол Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің және ел үкіметінің атынан құттықтау лебізін білдірді.

13 Желтоқсан, 2018

«Елорда жұлдызы» табысталды

«Астана» концерт залында Астананың елорда болып жариялануына орай мерекелік кеш өтті. 1997 жылдың 10 желтоқсанында ел астанасы Алматыдан Ақмола қаласына ресми түрде көшірілген болатын. Осы күнге орайластырылып Астанада алғаш рет «Елорда жұлдызы» сыйлығы тағайындалды.

13 Желтоқсан, 2018

Леонид Прокопенко: Бірлік – елдігіміздің тірегі

Белгілі бір елдің аты аталғанда онымен бірге тіл ұшына оралатын атаулар, белгілер, көріністер болады. «Қазақстан» дегенде ұлан-байтақ дала, желмен жарысқан сәйгүліктер, жер мен көкті жалғаған «Байқоңыр» көз алдымызға келеді. Ал халықаралық деңгейлі жиындарда татулық пен қоғамдық келісім сөз болса, «БҰҰ-ның шағын нұсқасы», «әлемнің басқа мемлекеттері үшін орнықтылық пен дамудың үлгісі бола алатын» біздің Отанымыздың, оған қоса Қазақстан халқы Ассамблеясының аты аталуы дәстүрге айналған.

13 Желтоқсан, 2018

Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді

Қазақстанның омбудсмені Асқар Шәкіров Жоғарғы сотпен ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде оның Төрағасының атына қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат жолдады.

13 Желтоқсан, 2018

«TeleBingo» – апта сайын миллионер

Қазақстандықтар әр апта са­йын миллиондар ұта алады. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторының кез келген адам миллионер атана алатын жаңа «TeleBingo» лотерея ойыны арқылы еліміздің тұрғындары осындай бірегей мүмкіндікке ие болады!