22 Желтоқсан, 2018

Алматыда тестілеу орталығында қосымша залдар ашылды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығында» Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жұмыс стансаларын көбейту мақсатында тестілеу залдарын іске қосты. Бұрын 28 орын болса, қазіргі кезде олардың саны 80-ге жетті.

Алматыда тестілеу орталығында қосымша залдар ашылды

Тестілеу залдарының қызметімен танысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов орталықтың заманауи жүйеде кеңейтілуі халыққа қызмет көрсету сапасын арттыра түседі деп атап өтті.

Жаңа тестілеу орталығы келесі жылдан бастап құқық қорғау қызметкерлерін аттестациялау барысында және де «Нұр Отан» партиясы, «Азаматтарға арналған үкімет», «Атамекен» ҰҚП жұмысқа кіру барысында тестілеуден өткізу жоспарлануда.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ