Білім орталығының ашылуына арнайы келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев:
- Бұл орталық жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндік береді. Келушілер бос уақыттарын тиімді өткізеді. Көптеген қызықты іс-шараларға, акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары мен зияткерлік ойындарға қатысып, интернет қызметін пайдаланады. Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітапсүйер қауымның бас қосар нағыз орталығына айналуына тілектеспін,-деді.
«Сoworking» орталығында төрт аймақ жұмыс істейді. Wi-Ғi аймағында кітапхана пайдаланушылары тегін интернетке қол жеткізіп, конференция алаңында түрлі дөңгелек үстелдер, ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізеді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ.