Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 30 Мамыр, 2018

«Фокус-Қазақстан» жобасының алғашқы көрмесі Берлинде ашылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениетінің бүгіні мен болашағына үлкен мән беріп: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», – деген еді. Осы бастаманың негізінде Мәдениет және спорт министрлігі алға қойылған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты арнайы халықаралық жоба қабылдаған болатын. Аталған жоба аясында өтетін халықаралық «Фокус-Қазақстан» көрмесінің кешенді жоспары Астанада өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2018

Ауыл балалары  IT-орталықтарда оқиды

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасының толыққанды жүзеге асуы ел тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға кеңінен жол ашады. Әсіресе, қатардағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру қоғамды қағазбастылықтан құтқарып, барлық саладағы ілгерлеушілікке ұласпақ. Сайып келгенде, цифрландырудың жемісі адамның заманға лайықты өмір сүруі ғана емес, қажетті тұтыну қызметтерін сапалы әрі жылдам алудың алғышартына айналады.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстанның шалғай ауданында коворкинг орталығы ашылды

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен  шалғайдағы Уәлиханов ауданында коворкинг орталығы ашылды.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2018

Қостанай облысының  төрт ауданынан улы кенелер табылды

Бұл Қостанай облысы үшін тосын оқиға секілді. 

Тарих • 30 Мамыр, 2018

Жәдігер: Капитан Тоқтамышевтың хаты

1917 жылдың соңы Орынборда өткен жалпықазақ құрылтайында Халел Ғаббасов баян­дама жасап, халық милициясын, яғни әскер құру туралы ұсыныс көтерді. Нәти­же­сін­де құрылтай шешім қабылдап, әскер құру ісі қолға алынды.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2018

Гүлшара Әбдіқалықова Сингапур Ұлттық университетінің профессоры Лим Сионг Гуанмен кездесті

Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова биыл Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толғанына тоқталып, Елбасының тапсырмасымен елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуға бағытталған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жүзеге асырылып жатқаны, экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын жүйелі жаңғыру жүргізіліп отырғаны, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ауқымды өзгерістер қолға алынғаны жөнінде айтты.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2018

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тарту күшейтілді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасы мәселелері, болашақ зейнетақыны жоспарлау, сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды, Қордың баспасөз қызметі.  

Аймақтар • 30 Мамыр, 2018

Ақмола облысында дауыл соғуы мүмкін

31 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. 

Аймақтар • 30 Мамыр, 2018

Талдықорғанда 2 жасар сәби менингиттен шетінеді

Талдықорғандағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қатерлі дерттен 2 жастан асқан сәби шетінеді. Дәрігерлер науқасқа менингококк инфекциясына шалдыққан деген диогноз қойып отыр.

Әдебиет • 30 Мамыр, 2018

Әлем әдебиеті. Студент және есек

Соғыс аяқталған кез. 1945-46 жылдары Покровка деген жердегі орыс мектебіне барып оқыдым. Онда біз Покровкадан біраз алыста, үлкен өзеннің ар жағындағы айылда – Жидеде тұратынбыз. Бұл қыстақта мектеп жоқ еді. Сондықтан күн сайын Таластың суын кешіп өтетінбіз. Дарияның суы қыста тартылып, ал көктем туғанда биіктегі қарлар, мұзарттар еріп, қойыртпақтанып күркіреп ағатын. Інім Илгиз екеуміз мектепке бірге барамыз. Екеуміздің аяғымызда жалғыз етік. Кейінірек солдаттардыкіндей бір ескі бәтіңке сатып алдық.

Яндекс.Метрика