Қазақстан • 30 Мамыр, 2018

Солтүстік Қазақстанның шалғай ауданында коворкинг орталығы ашылды

859 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен  шалғайдағы Уәлиханов ауданында коворкинг орталығы ашылды.

Солтүстік Қазақстанның шалғай ауданында коворкинг орталығы ашылды

Аудандық орталықтандырылған кітапханада пайдалануға берілген коворкинг орталығы қажетті оргтехникалармен толық жабдықталған.  Мұнда жастар мен балалардың бос уақыттарын мазмұнды  өткізуге жан-жақты мүмкіндіктер тудырылған. Қызықты іс-шаралар  спорт, мәдени, тағы басқа салаларда ұйымдастырылып, қызметтер тегін көрсетілетін болады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде де ауқымды жұмыстар атқару белгіленген.

Оның ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Медет Оспанов, облыстық саяси ұйымның партиялық бақылау инспекторы Александр Бодуновский, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Батырхан Ахметов қатысты.  Олардың айтуларынша жастардың  шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыруға барлық алғы шарттар жасалған.

«Нұр Отан партиясыТөрағасының партиялық жаңғырту тапсырмалары аясында пайдалануға берілген заманауи орталықта  жастарөздерінің шығармашылық ойларын жүзеге асырумен қатар түрлі форматта кездесулер, семинарлар, конференциялар өткізе алады. Озық идеялар ортаға салынып, қоғамның  маңызды мәселелері кеңінен талқыланады. Жас ұрпақты қолдауға арналған жобаның өміршеңдігі зор. Мектеп оқушылары да осында өз білімдерін жетілдіріп, теледидар арқылы мультфильмдер көрулеріне, ғаламтордан іздегендерін табуына болады, деді өз сөзінде аудан әкімі М. Оспанов.

Бүгінде өңірде 10 коворкинг орталығы жұмыс істейді. Алдағы  уақытта әр аудан орталығында құрылатын болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

  Солтүстік Қазақстан облысы