Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Жаңғырту жұмыстары Жамбыл облысын түлетті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында өткен жылы 1,1 млрд теңгені құрайтын 22 жоба мен іс-шара өткізілген. Ал биыл құны 3,8 млрд теңге болатын 133 жоба мен 66 іс-шара қолға алынбақ. Мұндағы қаражаттың 3,4 млрд теңгесін демеушілер арқылы тарту көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Оралда ата-аналар оқушылар кітапханасына 486 кітап сыйлады
Орал қаласындағы орта мектептерде «Рухани жаңғыру – табысты ел болудың кепілі» атты ашық есік күндері өтіп жатыр. Осыған орай №47 орта мектепте «Туған мектепке тағзым», «Мектепке кітап сыйлайық» акциялары нәтижесінде мектеп ауласында жаңа аллея пайда болып, оқушылар кітапханасына 500-ге жуық кітап тарту етілді.
Әлем • 18 Мамыр, 2018
Сұрмерген Сван ең қарт Олимпиада чемпионы ретінде тарихта қалды
Осыдан дәл 91 жыл бұрын, яғни 1927 жылдың 1 мамырында Стокгольмде 80 жасқа қараған шағында әйгілі спортшы Оскар Гомер Сван қайтыс болды. Бұл азаматтың есімі ең қарт Олимпиада чемпионы және Олимпия ойындарының ең қарт жүлдегері ретінде тарихта қалды. Ал сол скандинавиялық саңлақ жайында біз не білеміз?
Футбол • 18 Мамыр, 2018
«Атлетико» үшінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды
Францияның Лион қаласында өткен Еуропа лигасының финалында Мадридтің «Атлетикосы» жеңіске жетті. Испан клубы Францияның Марсельдің «Олимпик» командасын 3:0 есебімен айқын жеңді. Ал финалда екі гол соққан Антуан Гризман «Барселона» бапкерлеріне тағы да ой салды.
Әлем • 18 Мамыр, 2018
Жаһан жаңалықтары. «Реал» нашар ойнаса да нәтиже көрсетіп жүр»
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
Сегізбаев есімі стадионға сұранып тұр
2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында футбол стадиондары жайлы көптеген ақпараттарға қанықтым. Футбол тарихы өте бай келетін Бразилияда стадиондардың да кейбір бөлімдері мұражайға айналып кеткен. Ондағы әр стадионның өзінің ерекшелігі, мол дәстүрі бар. Мысалы, «Маракана» стадионын салдыруға ықпал еткен, Бразилия футболының әкесі саналатын Марио Фильоны білмейтін бразилиялық жоқ. Негізгі мамандығы журналист Марио Фильо – ел футболының дамуына үлес қосқан қайраткер. «Маракана» стадионына есімі беріліп, басты кіреберіске сол кісінің ескерткіші қойылған. Міне, футбол жайлы әдемі тарих осылай басталады.
Театр • 18 Мамыр, 2018
Сан ғасырдан сүрлеу салып, адам баласымен бірге жасасып, жанының рухани азығы болып келе жатқан өнердің бірі – театр. Адамға сана бітіп, қиялдау мүмкіндігіне ие болды-ау деген замандардан, өз өміріне көз жіберіп, көкейіндегісін айтар көркем өнерінің орны – сахна. Дәл осы құдіретті сахна өнерінің ерекше түрі, қоғам мен адам өміріндегі орны бөлек саласы – қуыршақ театры.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
Мәдениет әлеміндегі ғылыми әлеует
Тәуелсіздікке қол жеткеннен бері Мемлекет басшысы халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды нығайту, білім деңгейі мен ғылыми әлеуетті әлемдік талаптарға сай көтеру мәселелерін айрықша назарда ұстап келеді. Биылғы Жолдауда да әлемнің Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып жатқанын айта отырып, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды. Елбасы «өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп нақты айтты.
Білім • 18 Мамыр, 2018
Алматыдағы «Бөбек» орталығында бірқатар өңірден келген білім беру ұйымдарының басшылары кездесті
Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева еліміздің бірқатар өңірінен келген білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
АЭФ-те жаһандық мәселелер талқыланды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХІ Астана экономикалық форумының жұмысына қатысты.