Тарих • 17 Мамыр, 2018
Алматыда бауырлас халықтарды тоғыстырған айтулы шара өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ауқымы кең шара өтті. Университеттің Шығыстану факультетінің қабырғасынан құрылған Әзербайжан тарихы мен мәдениеті орталығының салтанатты ашылу рәсімінен бастау алған іс-шара бауырлас халықтардың таным-тарихынан сыр шертетін мәдени мерекеге ұласты.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Батырхан Шүкеновтың орындалмаған әндері жарыққа шығады
«В нас вселяют любовь» атты Батырхан Шүкеновтың еш жерде орындалмаған 11 әні енген альбом 20 мамыр күні жарыққа шығады. Бұл жайында Б.Шүкенов атындағы «Отан – Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы алдында өткен баспасөз конференциясында қор директоры Олжас Байканов мәлімдеді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Жаһандық дағдарыс шешімдерін әзірлеуге бүкіл халықаралық қоғамдастық атсалысуы қажет - Елбасы
Мемлекет басшысы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Астана экономикалық форумына қатысу көпшілік үшін игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Алматыда «Әлемдік джаз этно-фьюжн» концерті өтті
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Германияның «Моргенленд фестивалі» аясында «Әлемдік джаз этно-фьюжн» концерті өтті Кеште танымал жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова және қобызшы, ҚР мәдениет қайраткері Раушан Оразбаева өнер көрсетті.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Дәстүрлі «Оразбаев оқулары» конференциясы табысты аяқталды
«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы:зерттеу,түсіндіру және мәселері» тақырыбында өткен дәстүрлі «Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы табыспен аяқталды. Бұл шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология,этнология және музеология кафедрасы, Мемлекеттік Орталық музейі мен «Таңбалы»тарихи-мәдени қорық музейі бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
«Мен әлемді танимын» зерттеу жобаларының конкурсы өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бастамасымен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Мен әлемді танимын» зерттеу жобаларының алтыншы қалалық конкурсы өткізілді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Астанада рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесі талқыланды
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтті.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Оралда Астана қаласының мәдениет күндері басталды
Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында елордалық өнер қайраткерлерінің үлкен тобы Орал қаласына жетті. Бүгін, 17 мамырда Батыс Қазақстан облысының орталығында Астананың мәдениет күндері басталды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
АЭФ-2018: Қ.Келімбетов АХҚО-ның бәсекеге қабілетті екенін айтты
Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, елордадағы қаржы орталығы болашақта әлемнің ең ірі деген қаржы орталықтарына бәсекелес бола алады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Семейде «Алаштың нар жігіті» атты сайыс өтті
Қасиетті Семей жері ұлы Абайдың елі, Алаштың рухани астанасы. Қаладағы Мәдениет сарайында өткен «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар арасындағы сайыс Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдығына арналды. Сайыста 18 жастан 40 жас аралығындағы сегіз азамат өздерінің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт екендіктерін дәлелдеп, сынға түсті.