Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
«Ұлы Еуразия» бастамасы ЕҚЫҰ аумағындағы сенім дағдарысын реттеуге ықпал етеді
Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Еуропа Одағы арасында диалогтың орнатылуы мен ынтымақтастықтың нығаюына, Белдеу және жол бастамасының шеңберінде мультимодальдық транспорттық-логистикалық жүйенің дамытылуына мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрияның 2018 жылы ЕҚЫҰ Азия ынтымақтастық тобына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылған «Жаһандық әлемде тиімді көпжақты дипломатия - Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің үлгісі» атты халықаралық конференцияда мәлім етті. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Жамбылда «Беу, қыздар-ай!» комедиясы сахналанды
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылған Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» туындысы қазақ комедияларының ішінде классикалық деңгейге жеткен спектакль. Әкемтеатр әртістерінің көпшілігінің бұл қойылымнан соң жұлдызы жанып, шабытының шарықтағаны да белгілі. Әдемі әзілмен өріліп, жастар арасындағы махаббатты бейнелейтін комедияның көркемдігі мен шынайылығы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Өнер • 17 Мамыр, 2018
Әлемді әсем сазбен әлдилеген – Айман Қожабекқызы
Бұл – қазақтың талантты жауынгер ақыны Жұбан Молдағалиевтің қазақ аналарына арнап жырдан тұрғызған ескерткішінің бір үзігі. Ақын ағамыз асқақтатып жырлағандай, Ұлы дала төсінде ел анасы, ерінің сенімді серігі, шаңырақтың ұйытқысы атанған асыл аналар аз болмаған.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Ақтөбеде арыстардың ескерткішіне елеусіз қуыстан жер бөлінген
Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде обком ғимараттарының алдында қолын көкке сермеп тұрған, пролетариат көсемі В.И.Лениннің ескерткіші орталықтардан шеткері, адам аяғы аз қалтарыстау қала тұстарына көшірілді. Сол кезде Лениннің тас тұғыры Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі филармония ғимаратының артынан орын теуіпті. Осы жерде оның серіктерінің бірі, алдымен қызыл террордың үгітін жүргізген, содан кейін іле-шала қанды қырғынның өзін ұйымдастырған Михаил Фрунзенің ескерткіші де орнықты. Содан бергі аралықтағы отыз жылға жуық уақыт бойы коммунистік идеяны көксеушілер бұл жерге келіп, «күн көсемнің» туған күнінде гүл шоқтарын қояды екен. Мұны неге айтып отырмыз. Гәп төмендегіше.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2018
Өзекті өртеген мұң (Шерлі элегия)
«Ақ қала» шығармасын оқып мауқын басып, есінен танған өлімші күндерін бір сәтке ұмытқысы келеді. Сорлы жүрегі қайғыны өлшеусіз тартып, зәлімдерден көрген қорлығы да жанына батты.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
«Men qazaqpyn» телевизиялық байқауы биыл да жалғасады
Қазақ өнерін асқақтату, ел ішіндегі өнерлі азаматтарды халыққа таныту, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен жылы қолға алынған «Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші және термешілердің халықаралық телевизиялық байқауы биыл да жалғасын табатын болады. Бұл орайда ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнерпаз жандардың жасындай жарқырауына мүмкіндік мол.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Бір суреттің сыры: Ана мен бала
Қарт абыздай қуат күші сарқылған шағыңда қасыңда әзиз анаң жадырап отырса бақыт деген сол емес пе! Осындай жандардың бірегейі – Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде ауылының тұрғындары жасы 113-ке келген Тұрақан әжей мен тоқсанға таяған баласы Дәметхан қария деп ойлаймыз.
Әлем • 17 Мамыр, 2018
Нұрәлі Өтеғалиев «Канның жас жұлдыздары» байқауында жеңімпаз атанды
Орал қаласындағы №20 мектептің 4 сыныбында оқитын Нұрәлі Өтеғалиев Францияда өткен IV халықаралық арт-фестиваль – «Young cannes stars» («Канның жас жұлдыздары») атты ән байқауында 1-орынды жеңіп алды.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Қарағандыда жаңа концерт залы салынады
Еліміздегі ең үлкен қаланың бірі десек те, Қарағанды шаһары өзіне лайық көлемдегі концерт залына зәру еді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясы өтті
Дакка қаласында (Бангладеш) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясы өтті. «Тұрақты әлем, ауызбіршілік және даму үшін ислам құндылықтарын насихаттау» тақырыбында ұйымдастырылған бұл сессияға Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.