Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
Ақтөбеде әлеуметтік мәселелерге арналған халықаралық форум өтті
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуінде көрсетілген бес әлеуметтік бастама бүгінде әлемдік сарапшылар мен мүдделі халықаралық ұйымдардың назарын өзіне аударып отыр. Түптей келгенде әлемдегі әр ел өздеріндегі жинақталып, қордаланып қалған әлеуметтік түйіндерді шешу жолдарын дербес өздері қарастыруы тиіс дей тұрсақ та, қазіргі кезде бұл жайт ғаламдық және халықаралық сипат ала бастағаны да ешқандай талас туғызбайды.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
Риддердегі мемориалдық кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары Риддер қаласындағы госпитальде майданнан жараланып келген жауынгерлер емделіп, кейін осы шаһарда жерленгені мәлім.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2018
Алан Әжібаев «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
Алан Әжібаев «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының сайтында айтылған.
Бокс • 11 Мамыр, 2018
Астанада әйелдер арасындағы бокстан ел чемпионаты өтеді
12-17 мамыр күндері аралығында «Дәулет» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Футбол • 11 Мамыр, 2018
Футбол әлеміндегі ең қымбат бренд белгілі болды
Беделді Brand Finance агенттігі футбол клубтары брендінің жаңа әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2018
27 мамыр Астанада Үшінші қайырымдылық BI Marathon өткізіледі
Hilton Astana отелінде 2018 жылдың 27 мамыр күні Астанада өтетін Үшінші қайырымдылық BI Marathon өткізілуіне арналған баспасөз маслихаты өтті. Бұл спорттық шара қайырымдылық пен салауатты өмір салты мақсатында көптеген адамды біріктірді. Шараға қазақстандық атақты спортшылар, BI Group құрылыс холдингінің және «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының өкілдері қатысты.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
Сал-серілер еліндегі рухани серпіліс
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Ақмола облысында бір жыл ішінде 117 жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы құны – 10,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мәлімдеді.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
Қызылордада жаңа бизнес-орталық ашылды
Жергілікті инвестордың қаржысы арқасында Қызылордада «Prima Park» заманауи бизнес-орталығы ашылды.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асырылуының бір жылдық қорытындысы жасалды
Өңір басшысы Мәлік Мырзалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асырылуының бірінші жылдық қорытындысын таныстырды.
Білім • 11 Мамыр, 2018
Қазақстанда 15 мамырда Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтеді
Қазақстанда 15 мамырда Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы, 1 маусымда Балалар және жастар оркестрінің шеруі өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 25 сәуірде Астана қаласында өткен халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қыметінің баспасөз маслихатында хабарлады.