Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейдегі Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» лицейінің курсанттары тарихи сабаққа қатысты

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жас Ұлан» лицейінің курсанттарымен «Мен – елімнің ұланымын» атты тарихи сабақ ұйымдастырылды.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Жамбылдықтар Жеңіс күнін жаңарған саябақта мерекелейді

Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл. Мыңдаған боздақтың өмірін қиып, жат жерден топырақ бұйыртқан қасап қырғынның қасіреті әлі күнге дейін майдангерлердің жүрегінде. Отан үшін от кешіп, ел үшін есіл жанын аямаған ардагерлердің ерлігі ұрпақ үшін әрдайым ұлағат. Жыл сайын елімізде Жеңіс сағатын жақындатқан ардагерлерге құрмет көрсетіліп, майдан даласында қаза тапқан ерлердің рухына халық тағзым етеді.

Әлем • 08 Мамыр, 2018

ИЫҰ СІМ Кеңесі Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдады

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің Даккадағы (Бангладеш) 45-ші отырысының қорытындылары бойынша Декларация мен бірқатар резолюция қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейде cоғыс жылдары туған әндерге арналған әдеби-музыкалық кеш  өтті

9 Мамыр - Жеңіс күні! Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын-байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейде Ауған соғысы ардагерлерін еске алу митингі өтті

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдың мерекесіне орай интернационалист жауынгерлерді еске алып, тағзым етуге арналған митинг-жиын өтті.

Қазақстан • 08 Мамыр, 2018

Астанада 100 мыңға жуық Жеңіс лентасы таратылды

Аспан түстес көгілдір лентаны астана тұрғындары мен қонақтары тегін алып жатыр,  деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейде «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы «Вена балын» өткізді

Вена балы соғыста қайтқан сарбаздарға және  ардагерлеріне арналған іс-шарада өтті.

Әлем • 08 Мамыр, 2018

Сирияда Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады

Сирияда Ресей Федерациясының Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алуға арналған турнир өтті

Зіл көтеруден Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО-ның спорт шебері Гайдар САРЖАНОВТЫ заңғар атлет деуге толық негіз бар. Ол Торғай облысы Арқалық ауданына қарасты Қайыңды қой совхозында туған. Бала кезінен спортты серік етіп, ауылдағы ауыр темір-терсекті басынан асырып, кейін көптеген жарыстарға қатысып, зілтемірші ретінде одақтық деңгейге көтерілген еді. Жақында Арқалық қаласында Торғай елі талантымен тас жарған Толағай ұлын тағы бір еске алып, ауыр атлетикадан республикалық турнир өткізді. Бұл турнирді осымен екінші рет Гайдар Саржановтың туған-туыстары ұйымдастырды. Осы жарыста жас спортшылар зіл темір көтеруден өзара мықтыны анықтады. 

Қазақстан • 08 Мамыр, 2018

Еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін Республиканың солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, найзағай, жел күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Яндекс.Метрика