Қазақстан • 05 Мамыр, 2018
Ішкі істер министрлігінің ведомстволық порталында Жеңіс күні қарсаңында «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» атты сервис ашылды. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен бұрынғы әскери тұтқындар және Германиядан қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтары туралы ақпарат орналастырылған.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2018
Көктемгі әскерге шақыру немесе Отанды кім қорғайды?
Қазіргі буын үшін көмескіленген болуы мүмкін, бір жылдары теледидардан жиі көрсетілетін «Көктемгі әскерге шақыру» атты ескі кино бар еді. Фильм желісін еске түсіру артық шығар, тек сол шығарманың атауының өзі мұрты тебіндеген бозбаланың бәрін елең еткізуі тиіс сияқты...
Өнер • 05 Мамыр, 2018
Семейде жас бишілер конкурсы өтті
Облыстық фестиваль бұл жолы Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Бұл конкурс тұрақты түрде Семейде өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облыстық Балет мектебі, Семей қалалық әкімшілігі мен қалалық Достық үйі.
Өнер • 05 Мамыр, 2018
Астанада «Temps Lie» атты халықаралық балет фестивалі басталды
Жас арудай жасанған Астана қазір өзінің жиырма жылдық тойына қызу дайындық үстінде. Мерейлі мереке қарсаңында жер-жерде мәнді мәдени-көпшілік шаралар легі басталып та кетті. Бұл күндері мың бұралған билерімен көрермен көзайымына айналған «Temps Lie» атты халықаралық балет фестивалі соның бір айғағы. Оны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған Қазақ ұлттық хореография академиясы.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2018
Жеңімпаздар Неймарға қонаққа барады
Бұл күндері еліміздегі балалар үйінің тәрбиеленушілері «Пари Сен-Жермен» клубына жолдама алу үшін футбол алаңында бақ таластыруда. Бір ай бойы Қазақстанның 13 облысынан жиналған балалар үйінің 21 командасы еліміздің ең мықты командасы деген атақ пен 2018 жылдың чемпиондығына таласады. Бұл жеңіс жеңімпаздарға Франция астанасындағы «Пари де Пренс» стадионында болу бақыты мен «Пари Сен-Жермен» клубының Неймар, Тиаго Силва сынды танымал ойыншыларымен кездесу мүмкіндігін сыйлайды.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2018
Қызылорда қаласында Өнер арбаты ашылды. Таңертең басталған сүргін кешке дейін созылып, төсекке болдырып барып құлайтын қаланың ию-қию тірлігінде арбаттардың жөні бөлек.
Президент • 05 Мамыр, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2018
Бұл электробус қазіргі уақытта облыс орталығында 30 күндік тестілеуден өтуде. Яғни қысы қытымыр, жазы жайдары әрі жауынды келетін Өскеменнің ауа райына төзімділігі тексеріліп жатыр. Егер таңсық көлік сынақтан сүрінбей өтсе, тоқпен жүретін автобус шаһарда қоғамдық көлік ретінде пайдаланылуы әбден мүмкін.
Президент • 05 Мамыр, 2018
Елбасы Армения президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайд Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 05 Мамыр, 2018
ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік етеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік ететін болды. Бұл шешім университеттің тұрақты даму саласындағы табысты басшылық қызметінің қорытындысы негізінде қабылданды.