Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Бірліктің бірегей үлгісі

Қазақстан әлемге саяси және экономикалық жетістіктерімен таныла отырып, этносаралық тату­лық, мәдениеттердің әр алуан­дығымен үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты түрлі этностарды ұйыстыра білді. Бұл елді татулық пен ізгілікке бас­тайтын дара жол болып қала бермек.   

Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Астанада жаңа кітаптар таныстырылды

Елордада ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шындығында бұл шараны оқырмандардың мерекесі деп айтуға да болатындай. Осымен үшінші рет ұйымдастырып отырған ауқымды іс биыл Астананың 20 жылдығы мен Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арналып отыр. Сәрсенбінің сәтінде басталған көрме-жәрмеңкені дәстүрлі түрде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ашқандығын жазған болатынбыз.

Әдебиет • 27 Сәуір, 2018

Құтты сөзі мәңгі жасайтын ақын

Алаштың аймаңдай ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Халықаралық Түркі академиясы оның таңдамалы шығармалар жинағының алғаш рет өзбек тілінде жарық көруіне мұрындық болды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерін өзбек тіліне талантты ақын, білікті аудармашы, Қарақалпақстанның халық ақыны Мұзаффар Ахмад тәржімалады. Оның Мағжан шығармашылығынан жасаған аудармалары екі халықтың мәңгілік бірлігін нығайтуға, бір ананың қос перзенті секілді туысқан екі халықтың ынтымақтастығын дәлелдеуге қызмет ететіні даусыз. Бұл кітаптың тұсау-кесері 25 сәуірде Астанадағы ІІІ Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында өтті.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Алтынай Асылмұратова: Балет – қаршадайымнан қаныма сіңген өнер

Ресейдің халық әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Астана Опера» театры балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратовамен сұхбат.   

Әдебиет • 27 Сәуір, 2018

Ұлт руханиятына қосылған қазына

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, этнограф, Зейнолла Сəнік пен оның жары, ақын Шəмшабану Хамзақызының көп томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Жоғары топқа өтуге мүмкіндігіміз жете ме?..

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші матчында Италия құрамасымен кездесіп 0:3 есебімен жеңілді. 

Футбол • 27 Сәуір, 2018

«Реал» финалға бір қадам жасады

Мюнхендегі «Алянц Арена» стадионында «Бавария» мен «Реал» кездесіп, қонақтар жеңіске жетті. Өз алаңында жеңіліп қалған немістердің финалға шығуы қиындай түсті. Ал «Реал» Мадрид командасы Чемпиондар лигасының тағы бір рекордын жаңартты. 

Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Елеусінов үшін ерекше сынақ

Алдағы жексенбі күні қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center аренасында өзінің кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуін өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, Елеусінов наурыз айында кәсіпқой боксқа ауысқандығын мәлімдеп, британиялық танымал промоутер Эдди Хирнмен үш жылдық келісімшартқа қол қойған еді.  

Үкімет • 27 Сәуір, 2018

Қазақстан-Франция: Ынтымақтастық жалғаса береді

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мен Францияның стратегиялық әріптестігінің 10 жылдығына орай өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Жиынды Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі мақұлданды

Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары осы жылғы маусымда Қытайдың Циндао қаласында өтетін ұйым саммитінің күн тәртібін мақұлдады.

Яндекс.Метрика