Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

22 Қараша, 2017

Суицид көрсеткіші - қоғам әл-ауқатының барометрі

Елдің экономикалық дамуы мен халқының әл-ауқаты жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық кіріс  көлемі секілді  макро-экономикалық көрсеткіштермен бағаланады. Осылардың негізінде мемлекеттердің рейтингісі жасалады. Алайда бұл көрсеткіштер біз бен сіз өмір сүріп отырған  әлеуметтік  өміріміздің шындығын көрсете ме?!  Бұл – мәселенің басқа қыры. Осы тұста өз-өзіне қол жұмсау – әлеуметтік дертін де жан-жақты қарастыру қажет.

20 Қараша, 2017

Еуразиялық идеяның жаңа мүмкіндігі қандай?

Бүкіл адамзат тарихы бірігу мен бөліну­ден тұрады десек, көп қателесе қоймаспыз. Бөліну – өңірлер халық­тарының басына қашан да болсын ауыр қасі­реттерін әкелген. Ал бірігу – олардың қуат­тарына қуат қосқан.

18 Қараша, 2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

Семейде «Тілге құрмет-елге құрмет» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған облыстық білім байқауының қатысушылары «Латын қаріпті кітаптар» атты кітап көрмесіне арнайы келді. Шара барысында сирек басылымдар қорындағы сақталған 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген басылымдар таныстырылып, шолу жүргізілді.

Қазақстан • 17 Қараша, 2017

Дархан Қыдырәлі Forbes Kazakhstan басылымына сұхбат берді

"Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Forbes Kazakhstan басылымына БАҚ туралы заңдағы өзгерістер, дәстүрлі басылымдардағы жарнама ісі, газет болашағы, латын әліпбиі туралы сұхбат берді. 

16 Қараша, 2017

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16 Қараша, 2017

Тиімді тәсілдің бірі – әдістемелік базаны дамыту

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Ақтөбе аймағында латын графикасына көшу мәселелерінің таяудағы тактикасы мен серпінді стратегиясын белгілеуге арналған келелі басқосу өткізілді. 

16 Қараша, 2017

Тиімділік қағидалары

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атқарушы билік жүйесін жаңарту жөнінде нақты міндеттерді айқындап берді. Мұндағы негізгі мақсаты – мемлекеттік аппараттың тиімділігін, ашықтығын және есеп беруін арттыру. 

16 Қараша, 2017

Қазыбек би шапанының қасиеті

Тұрсынкүл шебер би бабамыздан жеткен құнды жәдігерді қалпына келтіру сәтінде орын алған тосын жайттар хақында тылсымнан суыртпақтап сыр тарқатты.

16 Қараша, 2017

Қазақтың Баян деген батыр қызы

Жетпіс алты жастағы семейлік Түгелжан Әзімханова апамызбен Өскемендегі облыстық аурухананың палатасында тілдестік. «Соңында іздеушісі, жоқтаушысы жоқ қазақтың батыр қызы Баян Байғожина туралы айтарым бар еді. Үйге келсеңші», деп Семейге шақырған-ды осыдан біраз бұрын. Әні барам, міне бараммен жүргенде қария аяғына ота жасатпақ болып осында келіпті. Құр келмепті, денсаулығының сыр бергеніне қарамастан өзімен бірге Баян Байғожинаға қатысты газетке шыққан мақалалардың көшірмелерін бір папкаға салып ала келіпті. «Операцияға келе жатсам да, балаларға көрсетпей сөмкеме салып әкелдім мыналарды. Олар көрсе ұрсады ғой маған», деп бір бума қағазды қолыма ұстатып, әңгімесін бастап кетті. 

16 Қараша, 2017

Кеңесіп шешкен ұтымды болады

Жақында Алматы қаласындағы академик Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика оқу-зерттеу орталығы мен Қазақ психология қоғамының бірлескен мәжілісі болып өтті. Оған қатысушылар «Латын әліпбиіне көшудің ұлт тағдырына әсері» атты тақырып төңірегінде ой бөлісті.