Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Паролимпиадашылар Алматыдан Пхенчанға аттанды
XII Қысқы паролимпиада ойындары Наурыз айының 9 мен 18 аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчань қаласында өтетіні мәлім. Әлемнің әр қиырынан келген 700-ге тарта спортшы бақ сынайтын төртжылдықтың басты бәсекесіне Қазақстан паролимпиада құрамасы да аттанды. Алматы маңындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2018
Ақтөбе аймағында «Алғыс айту – парыз» атты апталық басталды
Алғыс екі жаққа да, яғни оны айтқандарға да, қабылдағандарға да жағымды жайт. Адамның көңілі мен мерейін өсіретін, ішкі жан сарайын жылы нұрға толтыратын сәт. 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні деп белгіленгені мәлім. Соның құрметіне Ақтөбе аймағында тақырыпқа шығарып отырғанымыздай «Алғыс айту – парыз» атты апталық өткізілуде.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Жетісу жері қар суының құрсауында қалды
Жетісу алабына биыл көктем ерте келді. Ақпан айының басындағы саршұнақ аяздан кейін күн райы күрт сынып, жылымық сезіле бастады. Ал айдың соңғы аптасында сынап бағанасы бірден көтеріліп, қалың түскен қардың көбесін сөгіп жіберді.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
«Үздік жас заңгер – 2018» конкурсы жарияланады
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры 2018 жылдың 1 наурызынан бастап «Үздік жас заңгер – 2018» сыйлығын тағайындау үшін конкурстың басталуы туралы жариялайды.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Әсет Исекешев: Биыл жазда Астанада ботаникалық бақ ашылады
Бүгінгі таңда елордада 10 саябақ, 4 желекжол және 95 гүл бағы бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Президент • 28 Ақпан, 2018
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 28 Ақпан, 2018
Елбасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады
Кездесу барысында университеттің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудың басым бағыттарына сәйкес кадрлар даярлаудың барысы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2018
Жезқазған – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жіті назарындағы қалалардың бірі. Содан да болар, Қарағанды облысының әкімі қызметіне бұдан бір жыл бұрын келген Ерлан Қошанов жұмысын шалғайдағы осы шаһардан бастаған болатын. Бұрын өз алдына облыс болған өңірдің берідегі Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Балқаш, Қаражал қалаларын айтпағанда, әрідегі Ұлытау ауданы, Жезқазған, Сәтбаев қалалары ерекше назарға зәру еді. Жезғазғанға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы қатарынан бірнеше саланың тыныс-тіршілігімен танысып, тиісінше шешімдер қабылдады.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Астанада алғаш рет халықаралық әйелдер форумы өтеді
4 наурыз күні Астана қаласында Zhaina халықаралық әйелдер форумы өтеді.
Парламент • 28 Ақпан, 2018
Н.Нығматулин: Туристік жолдама бойынша шетелде жүрген азаматтарымызды толықтай сақтандыру қажет
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сақтандыру және сақтандыру қызметі бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.