Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Қостанайда наубайханалардың 80 пайызы байытылмаған ұнды пайдаланады
Еліміз тұрғындарының денсаулығы үшін темір жетіспеушілік жағдайының алдын алу және оны болдырмау үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР заңында отандық өнім өндірушілер мен өнім ұсынушыларға тек ғана байытылған (фортификацияланған) ұнды сатуға міндеттейтін нормалар бекітілген.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Успен ауданының әкімі болып Бауыржан Қасенов тағайындалды
Облыс әкімі Болат Бақауов ауданды басқаруға келген Б.Қасеновке өткен жылы ауданның бірқатар бөлім басшылары мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылықтары үшін жауапқа тартылғанына назар аударуды сұрады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Өскеменде отандық өнімдер көлемін ұлғайтуға арналған жиын өтті
Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазцинк» компаниясының ұйымдастыруымен Өскеменде өндірістегі қазақстандық мазмұн көлемін ұлғайтуға арналған жиын өтті.
Әлем • 26 Ақпан, 2018
Қытай: Си Цзиньпин 2023 жылдан кейін билікте қалуы мүмкін
Қытай коммунистік партиясы Конституциядан Мемлекет басшысының 2 бесжылдықтан артық кезеңге сайлауға түсуге болмайтыны туралы ережені алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды ВВС.
Үкімет • 26 Ақпан, 2018
Үкіметте «Экспо-2017» нысандарын пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана Экспо-2017 халықаралық мамандандырылғар көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Парламент • 26 Ақпан, 2018
Н.Нығматулин Бүкіләлемдік Банк өкілдерімен кездесті
Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин Бүкіләлемдік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браунмен және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчукпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Мұнайлы ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық балы өтті
Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінде тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қайырымдылық балы өткізілді. Қайырымдылық балы қоғамда шапағат, адамгершілік және риясыз өзара жәрдем құндылықтарын бекітуге, тұрақтылықтың, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің маңызды факторлары ретінде Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығы жағдайына қамқорлық көрсетуді күшейтуге бағытталған.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жаңа құрамы өз жұмысын бастады
Ақтауда өңірлік коммуникациялар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша арнайы мониторинг тобының брифингі ұйымдастырылды.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
«Тоғызқұмалақтың» мобильді нұсқасы жасалды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің студентері мен магистранттары Мейірхан Есеев, Галы Махмуд, Лесбек Шағи, Нұрдәулет Рахымберді қазақтың ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынын (PlayMarket және AppStore) қолжетімді әрі мобильді нұсқада әзірледі. Бұл ұлттық ойындарды цифрландырудың идеялық дем берушісі әрі авторы – ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. Ал жобаның жетекшісі ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2018
Спорт мектептері колледжге айналады
Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 5 ақпандағы нөмірінің «Парламент» бетінде Мәжіліс депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Мәдениет және спорт министріне жолдаған сауалы жарияланған еді. Онда депутат Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық спортқа бейім балаларға арналған мектеп-интернаттың мәселелерін көтерген. Осы спорт мектебін бітірген түлектердің көбі аз қамтылған отбасылардан шыққандықтан ЖОО-ға түсе алмайды, ал спорттық шеберліктерін кейінгі жастарға үйретейін десе, дипломдары жоқ. Сондықтан спорттан орнын таба алмай, басқа салаларға кетіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін спорттық мектепті колледжге айналдыру керек, сонда оқу орнын бітірген балалар әрі қарай оқымаса да спорттан қол үзбей жаттықтырушы, нұсқаушы сияқты қызметтерге тұра алар еді. Серік Сәпиев өзінің сауалында осындай мәселе көтеріп, бұл ұсынысты Мәжілістегі тағы бір Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина да қолдаған.