Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Дәурен Абаев: Аласапыран дүниедегі Қазақстанның орны қандай?
Біз жолайрықта тұрмыз. Жаһанның келбеті адам сенгісіз жылдамдықпен өзгеруде. Бұған дейін ең құнды қазынадай көрінген мұнай мен газ да, басқа шикізат атаулы да XXI ғасырдың ең бағалы байлығы – білім мен ғылымға орын беріп, былай ысырыла бастады.
Президент • 29 Қараша, 2017
Ұлт бірлігінің идеологиялық тұтқасы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ел бірлігін нығайтуға басымдық беріп келеді. Соның арқасында еліміз әлемдік қоғамдастықтан өзінің орнын тауып, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани бағыты айқын, мақсат-мүддесі әлемдік ауқымда қолдау тапқан іргелі мемлекетке айналды. Осынау табысқа қол жеткізу жолында атқарылған жұмыстар барша қазақстандықтар үшін аса құнды. Бұл орайда Елбасының бастамасымен құрылған, қоғамымызда рухани келісім мен этносаралық ынтымақтың берік орнауына барынша үлесін қосып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі айрықша.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Астана әкімі: Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен соң басталады
Елордада желтоқсандағы мерекеге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Алматыда Мемлекеттік Күзет сарбаздары ант қабылдады
Биылғы жыл еліміздің Мемлекеттік күзет қызметі үшін мерейлі жыл. Себебі, МКҚ ізашарлары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұланның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр бойы өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан құрылым қатары биыл да жас сарбаздармен толықты.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Дариға Назарбаева Испанияның сенаторымен кездесті
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Жаңа жаһандық жағдайдағы жаңғырудың қазақстандық үлгісі» халықаралық парламенттік конференцияға қатысу үшін Қазақстанға келген Испания Корольдігі Сенаты Конституциялық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Хуан Хосе Лукас Хименеспен кездесті.
Қысқы спорт • 28 Қараша, 2017
Қысқы Олимпиадада Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстан намысын қорғайды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы азаматы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Хабар 24.
Әлем • 28 Қараша, 2017
Женева қаласында Қазақстанның консулдығы ашылды
Женева қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Алматыда 2020 жылға дейін 12 жатқахана салынады
Алматыда жастарға арналып, 2020 жылға дейін 12 жатқахана салынады, соның төртеуінің құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев «Достық үйінде» өткен «Бірлігі мықты жастар - болашаққа жол бастар» акциясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 28 Қараша, 2017
Жаңаөзендегі жол апатынан зардап шегушілерге көмек ретінде поицейлер қан тапсырды