Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Абаев: «100 жаңа есім» жобасы бойынша 102 үміткер іріктелді

Бүгінде аталған жоба аясында 102 үміткер іріктелді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтар • 28 Қараша, 2017

ОҚО-да он айда 7 млн қызмет электронды түрде көрсетілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 10 айында 16 млн 400 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, соның 7 миллионы электронды түрде ұсынылыпты. Бұл туралы әкімдіктің селекторлық отырысында облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев мәлім етті.

Әлем • 28 Қараша, 2017

Мысырдағы террорлық оқиға: ИГИЛ қайта күшіне енді ме?

Өткен жұмада Египеттің Бир әл-Абд қаласындағы әл-Рауда мешітінде жұма намазы кезінде 25-30 адамнан тұратын қаруланған топ ғибадат жасаушы бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, салдарынан 305 адам көз жұмып, 128 адам жарақат алған. Мешітке пулеметпен қаруланған қылмыскерлер бес бірдей жол таңдамайтын көлікпен келіп, мешіттің алдын және өзге кірістерін бақылауға алған. Шабуылдан аман қалған адамдардың айтуынша, терроршылар оқ боратпас бұрын қатты жарылыс болған. Одан кейін беттерін тұмшалаған, сақалы мен шаштары ұзын қаруланған топ мешіттегі адамдарға оқты қарша боратқан. Ресми деректерге сәйкес, кем дегенде бір қылмыскер мешітке ИГИЛ туын желбіретіп кірген.  

Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Артефактілер музейге тапсырылды

Өткен сенбі күні Астана қаласында ор­на­ласқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және еліміз археологиясы мен этнологиясының мемлекет тарихындағы рөлін талқылау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми- зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру идеясының мән-мәтініндегі Ұлы Дала елінің ежелгі және ортағасырлық тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 

Кино • 28 Қараша, 2017

Елімізде Голливуд фильмдері түсірілуі мүмкін

Қазақстан Голливуд фильмдері үшін түсіру алаңына айналуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жетекші Голливуд кинокомпанияларының продюсерлерімен ортақ жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Абайыл атауы қайдан шыққан?

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқының рухани танымына үлкен қозғау салды. Сол бағдарламаның бір тармағы өлкетануға арналған. Біз шынында осы уақытқа дейін топонимикамызды коммуникативті жүйеде зерттеп келдік.

Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Қазақша газет оқисыз ба?

Кешкілік аллеяда бой сергітіп қыды­рыстап жүретін кісі қарасы көп-ақ. Ұзыннан ұзақ­қа созылған тротуардың жиегіндегі сәкі­лерге жайғасып алып, газет-журнал оқып отырғандары қаншама. Көпшілігі, әрине, қазақтар. Ал қол­дарын­дағы газет, ұят­тау болса да айтуға тура келеді, өңшең «Время», «Колеса», «Крыша», «Из рук в руки»...

Аймақтар • 28 Қараша, 2017

Тоқсанға келсе де, темір көтереді

Тоқсан бір жасыңызда спорт залына барып, 50 килолық штанганы көтере алар ма едіңіз? «Әй, қайдам! Штанганы көтермек түгілі, өз басыңды алып жүрсең соған да тәубе», деп отырған боларсыздар іштеріңізден.

Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Дала пирамидасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы сөз жоқ халықтың өткеніне үңіліп, шынайы тарихын іздеуіне түрткі болды. Біздің Қарағанды облысы Шет ауданында бұл бағытта көрнекті жұмыстар атқарылу үстінде. Бұған біраз жылдарды қамтыған «Мәдени мұра» бағдарламасының жасалуы да көп көмегін тигізді.

Театр • 28 Қараша, 2017

Екі театрымыз Еуропаны аралайды

Еліміздің Мәдениет және спорт мини­стр­лігі Еуропаның барлық қала­ла­рына үлкен тур ұйымдастырмақ. 

Яндекс.Метрика