Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Абайыл атауы қайдан шыққан?

1240 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқының рухани танымына үлкен қозғау салды. Сол бағдарламаның бір тармағы өлкетануға арналған. Біз шынында осы уақытқа дейін топонимикамызды коммуникативті жүйеде зерттеп келдік.

Абайыл атауы қайдан шыққан?

Енді өлкетануды түркілік, исламдық, ұлттық таным аясында, бүгінгі заман тұрғысынан қарастыруымыз қажет. Осындай игі істердің бастамасы ретінде Жабағылы, Абайыл, Иірсу, Алатау атауларының танымдық және атаудың шығу этимологиясын зерттей отырып, оның тарихымызбен сабақтастығын қарастырсақ. Іздену нәтижесінде Жаба­ғылы, Абайыл сөздерінің шығу этимологиясы Аил емес Ана сөзі екендігіне көз жеткіздік. Абайыл – Түлкібас аума­ғын­да­ғы Түркістан – Сібір темір­ жол бойындағы станса. Осы жерде қар­­сы бағыттағы темір жол ай­ры­­ғы салынған.

Сондықтан да Аба­йыл стансасын «Обгонный пункт» деп те атайды. Қарсы ба­­ғыт­та по­йыздың болмауына бай­­ланысты машинист жоғарғы жыл­­дамдықпен ертеде паровозды,­ ке­йін­нен тепловозды, қа­зір­гі уа­­қытта электровоздар­ды жүр­гі­зетіндіктен «басып озар жер» деп те әзілдеп атайды. Бұл жердің тарихи этимо­ло­гия­сын осындай оймен қоры­тын­дылағысы ке­летін адамдар да кез­деседі.

Шын мәнінде Абайыл сөзі көне дәуірден бас­талады. Темір жол салынбаған уақыттан бұрын да, бұл ай­мақты Абайыл атағандығын тарихтан білуімізге де болады. Негізінен Абайыл мен Жабағылы сөздерінің жазылу емлесіне үңіл­сек, Абайыл емес Абайы, Жа­бағылы емес Жабаағлы деп жазылу керек. Қазақ тіліндегі жер-су ат­та­ры­ның жазылу емлесінде зат есім­дердің бірігуінен жасалған то­понимикалық атауларда дауысты дыбыстардың қатар ке­­луін­де ешқандай дауысты дыбыс түспей толық жазылады. Мысалы: Сарыағаш, Мақ­таарал.

Енді Абайылдың дұрыс жазылуын дұрыстағаннан кейін, бұл атаудың шығу этимологиясына біраз барлау жасасақ. Бі­рінші Аба – сөзінің беретін мағынасы туралы «Көне түркі сөздігінде» былай дейді:

1.Аба – мать – ана

2.Аба – отец – әке

3.Аба – медведь – аю деп, Махмуд Қашқаридің көне түркі сөздігінің 55-бетіндегі 12 - 13 - 14 қатарына сілтеме көрсетсе,

4.Аба – родительский пред­ки – ата-тек

5.Аба – междометие – одағай деп Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының Герат нұсқасының 100-ші бетінің 21-­­жо­лына және 116-бетінің 30-­жолына сілтеме жасайды.

Аба сөзіне орта ғасырдағы қос ғұ­­ла­ма да назар аударып көз­қарас­тарын білдірген. Біз осы­ны назарда ұстай отырып, М.Қашқаридің Аба – медведь – аю деген сөзіне тоқ­та­ламыз. Себебі, қазіргі Ақсу-Жа­­­ба­ғылы қорығында аюдың қо­ңыр аю, қара аю, төсі ақ аю деген үш түрі мекендейді. Сон­дық­тан да мұндағы Аба – аю деген мағынадан шығуы мүмкін. Бү­гінгі шор халқы аюды (медведь) – апшақ, азып, ада, аба деп атайды. Ал құлынды (жере­бенок) – чабаға, чабақ. Алтай халық тіл­дерінде аю – айу, айузы, маjалай, маjалайы, абагай, абагайы. Мысалы: Абайгайының иче­гени – аюдың апаны. Енді Аил сөзіне келсек: алтай тіл­дерінде үй (дом) – айыл, айлы, айыл-jурт, jтура, jуразы.

 

Аил

1.У киргизов и алтайцев в прошлом поселек кочевого или полукочевого типа, обычно сос­тоявший из родственников различных степеней. У алтайцев А. называлось и отдельное жилище (юрта или шалаш) с усадьбой.

2.У монгольских народов­ ко­че­вая семейная группа.

3.В Киргизской ССР сельская административно-территориальная единица. В соответствии с этим сельские Советы Киргизской ССР именуются: ‘аилные и сельские Со­веты депутатов трудяшихся’.

Большой энциклопедицеский словарь, 2012г.

 

Аул

Аул (от тат. агыл – традицион­ное поселение сельского типа, стойбище, община у тюрских народов, а также у других народов Средней Азии и Кавказа.

 Ойымызды қорытындылай ке­ле Абаайл сөзінің қазіргі ма­ғы­­насы ана үйі немесе аналар пі­рінің мекені. Ал Абағылы сөзінің ма­ғынасы – ана аулы, ана алқабы деп түсінуіміз қажет. Мұндай топонимикалық атауларға Батыс Сібір жеріндегі Новокузнецк қа­ласынан электричкаға 15 ми­нут­тық жердегі Абагур-Лес­ной елді мекені және Абакан қа­ла­сын мысалға келтіруге басталады. Енді бүгіндегі Абағылы сөзінің алдына қыпшақ тіліндегі ж, ю, д дыбыстарының сөй­леу ерек­шеліктерінде ж дыбысы қойылып, Абағылы сөзі Жаба­ғылы сөзіне айналған деп болжам жасаймыз.

Жоғарыдағы болжамдар, сөз­дік­­тер мен қазіргі түркі тіл­­­де­рін­дегі сөздерді саралай ке­ле, аба сөзінің ең бастапқы Мах­мұд­ Қаш­қари көрсеткен ана, әке ­деген ма­ғынасына тоқ­талу­ды жөн көрдік. Себебі Жа­бағы­лы алқабы Иірсу ал­қабының төменгі жағында жатыр. Сон­дықтан Тәңіртау (Тянь-Шань), Алатау, Ұлытау – деп атаған түр­­кілер тауды әке, етегі Жа­ба­ғы­лы ана, Майлыкент – Ұмай­лыкент – әйелдердің пірі. Ал Абайыл – ананың ауылы, көне замандарда аналардың пірі тұр­ған ауыл болуы мүмкін. Бол­жа­­мымызға Иірсу, Абағылы, Аба­йыл, Майлыкент, Майтөбе атауларының бір аумақта қатар орналасуы дәлел болса керек.

 

 Құрманғали ОРАЗБАЕВ