Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Өскеменде бағасы қолжетімді баспаналар сатыла бастады
Өскеменде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша салынған ең алғашқы көппәтерлі тұрғын үйді сату келісімшарты жасалды. Маңызды құжатқа «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы Нұрлан Күзембаев пен «Восток-Клио» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Вячеслав Тарнайкин қол қойды.
Бокс • 27 Қараша, 2017
Кәсіпқой бокс: Америкалық танымал бапкер Фредди Роуч қазақ боксшысын жаттықтырмақ ниетте
Кәсіпқой бокс тарихындағы ең танымал бапкерлердің бірі саналатын америкалық Фредди Роуч шымкенттік боксшы Мейіржан Піртаевты жаттықтырмақ ниетте. АҚШ-қа жуырда ғана қоныс аударған қазақ баласы Роучпен келісімге келсе, келер жылдың көктемінде кәсіқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетінін айтты.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Астанада Әсет Найманбаевтың 150 жылдығына арналған концерт өтеді
Танымал суырып салма ақын Әсет Найманбаевтің 150 жылдығына орай 28 қараша күні Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының халық ән бөлімі мен «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Әссеттей сал, ән салсаң» концертін ұсынады.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Жаңаөзендегі жол апатынан қаза болғандар мен жараланғандарға 20 миллион теңге бөлінеді
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына 20 миллион теңгені бөлу керектігін тапсырды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі egemen.kz тілшісіне.
Президент • 27 Қараша, 2017
Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады
Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Үздік әлеуметтік ролик сценариіне байқау жарияланды
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үздік әлеуметтік ролик сценариін анықтауға арналған «Ниет» байқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті
Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Мемлекеттік хатшы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 27 Қараша, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап әзербайжан тілінде жарық көрді
Бүгін Астанадағы Елбасы кітапxанасында «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» кітабының әзербайжан тіліне аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 27 Қараша, 2017
Иран Қазақстаннан алатын қой еті көлемін сегіз есеге ұлғайтты
Биыл Иран Ислам Республикасы Қазақстаннан алатын қой еті көлемін сегіз есе ұлғайтты. «Қазақ қойын тірілей де, сойып та сатып алып жатқан ирандықтардың үлгісі бүкіл Таяу Шығыс нарығына жол ашады» дейді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық қатынастар департаменті директоры Ұлбосын Сарыбаева.