Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 27 Қараша, 2017

Ақтау теңіз порты жаңа кемелермен толықты

Ақтау портында «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының ұйымдастыруымен «Ембі» және «Талас»  сүйреткіш кемелерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі egemen.kz тілшісіне.

Аймақтар • 27 Қараша, 2017

Келер жылы БҚО-ның 100 елді мекеніне кеңжолақты интернет барады

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында жаңа жобалар жүзеге аспақ. «Келер жылы 100-ге жуық елді мекен кең жолақты интернетпен қамтылады», деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Aqjai’yq» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Әкім сағаты» хабарында.

Аймақтар • 27 Қараша, 2017

Оралда латын қарпімен шыққан кітаптардың көрмесі ашылды

Орал қаласында «Qazaq kitaptari 1929-1940 zhyl» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 1929-1940 жылдар аралығында латын қарпімен басылып шыққан 100-ден аса кітап қойылған.

Бизнес • 27 Қараша, 2017

Индустриялды аймақтың әлеуеті мол

Бүгінгі күні республиканың қай өңірінде де инвестициялық тартымдылықты тереңдетудің рөлі, мәні мен мазмұны жоғары. Бұл тұрғыда индустриялды аймақтардың тигізетін ықпалы мол. Бұған дейінгі жасалған талдаулар мен зерттеулер индустриялды аймақтар құрылған облыстарда бұл заманауи құрылым әлі қалыптасып үлгермеген өңірлермен салыстырғанда тартылған инвестиция мөлшері әлдеқайда артық екенін көрсетеді. Егер осы айтылған тұжырымды Ақтөбе облысы мысалында одан әрі нақтылай түсер болсақ, есептік кезең ішінде аймақ экономикасын одан әрі дамытуға тартылған инвестиция мөлшері -313 миллиард теңгеден асып түседі. Салыстырмалы түрде алғанда бұл жоғары сома, биік көрсеткіш. Осы арқылы Ақтөбе инвестиция тартуда республика облыстары арасында ең алдыңғы қатарға шығып отыр. 

Аймақтар • 27 Қараша, 2017

Оңтүстік Қазақстанның тарихи орындары қайта жаңғыртылады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы - республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды egeme.kz ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан • 27 Қараша, 2017

Республикалық байқау өтеді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында  Бас про­кура­тураның бастамасымен және Президент Әкімші­лігінің,  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтетін «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты  ведомство­аралық байқау жайлы брифинг өтті.  

Қазақстан • 27 Қараша, 2017

Ақын Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды inform.kz.

Бизнес • 27 Қараша, 2017

Ақтөбелік кәсіпкер марал өсіруге бел буды

Еліміздің аумағында маралдар тек Шығыс Қазақстанда өсірілетіні белгілі. Осы кәсіп биыл Ақтөбеге де аяқ басты. Бүгінгі күндері мүйізді жануарлар облыстың солтүстік өңіріндегі Мәртөк ауданының Қазан ауылында  емін-еркін жайылып жүр. Оның аталығы мен аналығының сандары бірдей. Маралдардың төлдеп, көбейетін кездері келесі жылға есептелген. Өңір үшін дәстүрлі емес шаруашылықты іске асыруға «Зару» жеке қожалығының иесі Ертарғын Тілегенов белін бекем буыпты. Таңсық жобаны жүзеге асыру мақсатында ол «бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 150 миллион теңге несие алған екен. Ұрыста тұрыс жоқ дегендей бүгінгі күні жаңа кәсіпті игеруге байланысты біраз істің басы қайырылыпты. Арнайы бөлінген 700 гектар алқапта жайылым аумағы жасақталып, түгелдей қоршалған. Қоршаудың биіктігі үш метр. Бұған қоса қоралар салынып, маман-жұмысшыларға арналған үй тұрғызылыпты. Құдықтар қазылған. Жайылымдылық жерді тиімді түрде пайдалану шаралары белгіленген. 

Қазақстан • 27 Қараша, 2017

Ескі көлікті жоюға 5 млрд теңге аударылды

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына бір жыл толды. Ал елімізде осынша уақытта 34 605 жеңіл автокөлік жоюға қабылданып үлгерген. Тозған көлігін тапсырған қазақстандықтарға 5 млрд 190 млн 750 мың теңге қаражат аударылыпты.

Қазақстан • 27 Қараша, 2017

«Ару Алматыға – 1001 жасыл көшет» акциясы өтті

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев өзінің оңтүстік астанаға жасаған сапарында Алматы қаласының бастапқы келбетін қалпына келтіру бағытында көгалдандыру жұмыстарын қызу қолға алуды тапсырды.

Яндекс.Метрика