Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Үздік қазақ тілді сайттар анықталды
Жақында «Назарбаев орталығында» Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының сыйлығына арналған үздік қазақ тілді интернет сайт байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Алаш идеясы – тәуелсіздік мұраты
Өткен аптаның жұма күні Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мәжіліс залында «Алаш» қозғалысы мен Алашорда үкіметінің 100 жылдық даталы мерекесіне орай «Алаш − қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Қарағандыдағы облыстық мұражайда аудиогид қызмет көрсетеді
Көптен күткен мерейтойлардың бірі – Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 85 жылдығы болатын. 1932 жылы 7 қарашада құрылған музей бұл күнде үлкен сипатқа ие. Қорында 150 мыңнан астам жәдігер сақталған мұражайдың ерекшелігі көп. Тарихты танығысы келген адам бір ғана «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залының өзінен мол мағлұмат алып шығады.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Қарағанды зебраға зер салатын болады
Жуырда өзінің 80 жылдық тарихы қарсаңында Қарағанды зообағы жануарлардың тағы 20 түрімен толықты.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Жас әншілеріміз «Балалар Еуровидениесінде» бірінші рет өнер көрсетеді
Грузия астанасында ХІ «Балалар Еуровидениесі» ән байқауының финалы өтеді. Биыл талантты жеткіншектеріміздің «31 арнаның» араласуымен «Еуровидение» байқауына жолы ашылды. Ал елдегі аталмыш телеарна Тбилисидегі Олимпиада сарайынан тікелей хабар таратып, қазақстандықтарға кішкентай дарындарымыздың өнерін тамашалауға мүмкіндік сыйлайды. Біздің әншілер басты үш алаңқайдың бірі EuroClub-та бақтарын сынайды.
Күрес • 27 Қараша, 2017
Алматы облысы Алакөл ауданында іссапарда жүргенбіз. Қабанбай батырдың 325 жылдық тойы. Жол үсті өткенде көргеніміз – шалғайда қалған ауылдардың көпшілігі жаңармай қалыпты. Бір кезде тіршілік қайнап жататын еді деген естеліктерді естіп, қараусыз қалған қамбалар мен гараждарды, әлдебір ғимараттардың арбиған қаңқасын көрген сайын көңілің жабырқайды.
Театр • 27 Қараша, 2017
Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқызы» ел-жұртына қайта оралды
Әр дәуірде ғұмыр кешкен, есімдерін ел ардақ тұтқан ақын-жыраулар арасында Нұрпейіс Байғаниннің өзіне лайықты орны бар екеніне кешегі және бүгінгі әдебиеттанушы ғалымдар бір кісідей қол қояды. Жыр алыбы – Жамбыл болса, Жырдың нәрі Нұрпейіс деген де бейнелі сөз бар. Оның жыр, қисса, дастан, поэмаларының арасында шоқтығы биік туындысы «Нарқыз» деуге болады. Бұл дастан халқымыздың бойындағы ең асыл қасиеттер – елдік пен ерлікті, ауызбіршілік пен ынтымақты, бірлік пен ел тұтастығын дәріптеуге арналған. Бүгінде халық ақынының өмірден өткеніне 70 жылдан асып кетсе, аталған шығармасының халық арасына таралғанына бұдан да көп уақыт өткені анық.
Кино • 27 Қараша, 2017
Тастағы шежірелеріміз экранға сұранып тұр
Осыдан бірнеше ай бұрын үндінің атақты «Махабхарата» эпосы бойынша фильм түсірілуде және Болливуд тарихындағы ең бір қымбатқа түсетін бұл фильмнің тұсаукесері 2020 жылы өтеді» деген хабарлама әлемнің барлық баспасөз беттерінде жарияланды.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қалай шешілуде?
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті.