Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қоғам • 20 Қаңтар, 2019

Ерден Қажыбек: Жалпыхалықтық талқылау қажет

Еліміздің басты басылымы – «Егемен Қазақстан» газеті бетінде қазақ әліпбиінің  латын графикасына негізделген жаңа әліпбиінің орфографиялық ережелерінің ұсынылуы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып отырған тілдік реформаның жарқын көрінісі.

Әлем • 20 Қаңтар, 2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.

20 Қаңтар, 2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

23 қаңтарда Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Экономика • 20 Қаңтар, 2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

1765 жылы Англияда Джеймс Харгривс «Дженни» ұршық машинасын ойлап тапты. Ол 5 ұршық иіретін адамды алмастыра алатын. Міне, содан бері адамзат дамуында жұмысшыны өндірістің көптеген саласынан ығыстыра алатын машина, аппараттар ойлап табылды. Ендігі кезек – роботтарда.

19 Қаңтар, 2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» деп аталатын арнайы орындар ашылды. Облыстық соттың бастамасымен жүзеге асқан бұл жобалар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын қолдануға, неке бұзу процесінен туындайтын даулар санын азайтуға бағытталған.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар қатысып, қызу жұмыс жүруде.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Атырау облысындағы Мақат пен Доссор поселкелерінің арасындағы жолдың жағдайы сын көтермейтіні туралы біраз жылдан бері мәселе көтеріліп келе жатқан еді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан осы аумақ та күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ауданға жұмыс сапары барысында жол құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта аяқталып, пайдалануға берілетінін айтты.

19 Қаңтар, 2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

Астана полициясы  «Мигрант» жедел алдын алу іс шарасын өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

19 Қаңтар, 2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Тәжікстанның Қазақстандағы Елшісі Назирмад Ализодамен оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді.