Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019

Мәжіліс депуттары Түркістандағы тарихи орындарды аралады

Парламент Мәжілісінің депуттары- Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшелері Түркістан облысына жасаған сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, ортағасырдағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи келбетін анықтауға және қалпына келтіруге арналған жобалармен және Түркістан қаласы аумағындағы ең көне қоныстардың бірі Күлтөбе қалашығымен танысты.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер бас қосты

Маңғыстауда жас кәсіпкерлерді қолдау әрі жұмыстарын дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан бірқатар іс-шаралар отқарылып жатыр. 2018 жылы 13 жас кәсіпкер жалпы сомасы 6 млн 600 мың теңгені құрайтын 4 пайыздық несие алып, ісін өркендеткен. Ал, 6% несиемен ауыл шаруашылығын дамыту жобалары үшін 52 жас іскерге 220 млн 438 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Осы бағытта жас кәсіпкерлер мал шаруашылығы мен жылыжай баптауға елеулі үлес қосуда.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019

Оралда өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды

Орал қаласының іргесіндегі «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағына түн жамылып кірген КамАЗ көлігі 6 тоннаға жуық сиыр терісін Шаған өзенінің аңғарына төге салып, ізін жасырған.

Парламент • 19 Қаңтар, 2019

Түркістанда Мәжілістің Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбындағы отырыста «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыланды.

Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

Ішкі істер министрлігі инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар күдіктілердің аты-жөні мен фотосын жариялады. Оларға мемлекетаралық іздеу салынған. 

Білім • 18 Қаңтар, 2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

«Қысқы ҰБТ» нәтижелері бойынша тестті ағылшын тілінде үздік тапсырған оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік білім грантын иеленеді деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 49 жасар Исқалиев Ғали Нәжімеденұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Батыс Қазақстан облысы активіне өңір басшысы Алтай Көлгінов таныстырды.

18 Қаңтар, 2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешенінің 2018 жыл ішінде даму қорытындысы мен алдағы жылға міндеттері қаралды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

Айыппұлды бір апта ішінде төлесеңіз 50% жеңілдік қарастырылған.