Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Жаңа емле ережесі туралы бірер сөз

Ел тәуелсіздігі тәуелсіз санадан басталады. Ұлттық сананың шегендеуіші – жазу. Мұны терең түсінген қоғам ғана жазу реформасын жасайды, Мемлекет басшысы ғана тәуекелге бел буып, оны жүзеге асырады. Стамбулдың «Айдын» университетінің профессоры Шұғайып Қарақаш қазақ ғалымдарымен кездесуде: «адамзат тарихында реформатор мемлекет басшылары көп. Бірақ жазу реформасын жасау тек жүрегінің түгі бар, ісіне, өзіне сенімді көшбасшының ғана қолынан келеді, сондықтан олар санаулы. Сіздердің елдеріңіздің Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев адамзат тарихында жазуды реформалаған сондай мемлекет басшысының бірі» деген еді.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Елбасы «Қазақтелеком» АҚ Мәліметтерді өңдеу орталығында болды

Мемлекет басшысы Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары барысында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы желілік магистралінің техникалық торабы Мәліметтерді өңдеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Шымкентте салықтан жалтарғандармен күрес күшейтіледі

Жуырда Шымкент қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша кеңейтілген жиында кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған нысандарға бақылау күшейтіліп, көлеңкелі экономикамен күресті белсенді жүргізу тапсырылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін алдағы үш жылда дотациялық аймақтан донорлы аймаққа айналуы қажет» деп айтып өтті.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Шымкент қоғамдық көліктерінде жолақыны SMS-пен төлейді

Мұнан былай Шымкент тұрғындары қоғамдық көліктегі жолақысын SMS немесе QR-код арқылы төлейтін болады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында үшінші мегаполисте электронды құжат айналым жүйесінің жаңа жобасы бастау алды.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Шымкент полицейлері қаланы «мигранттардан» тазартып жатыр

Шымкентте заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз етуге арналған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Жансая Әбдімәлік «Cairns Cup 2019» турниріне шақыртылды

Жансая Әбдімәлік «Cairns Cup 2019» турниріне шақырту алды. Ұйымдастырушылар жас ерекшелігіне қарамастан әлемнің он үздік шахматшысын таңдап, АҚШ-та өтетін негізгі турнирге жеке шақырту жіберген.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

СҚО-да бұрынғы аудан әкіміне 22 миллион теңге айыппұл салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті өткен жылды қорытындылап, пара алу, алаяқтық және қызметін асыра пайдаланған  мемлекеттік қызметкерлердің атын атап, түсін түстеді.

18 Қаңтар, 2019

Назарбаев Университетінде халал стандарттарына сәйкес биологиялық белсенді қоспа әзірленді

Назарбаев Университетінің ғалымдары халал биологиялық белсенді қоспа әзірледі. Бұл туралы университеттің ресми сайты хабарлады.

Әлем • 18 Қаңтар, 2019

Қазақстан-Қырғызстан шекарасын демаркациялау туралы шарт ратификацияланды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков «2017 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.

Мультимедиа • 18 Қаңтар, 2019

Апта фотосы: инспектор Ерлан Нұрғалиев

Өткен аптада қоғамда талқыға түскен көптеген жаңалық болды. Соның бірі - «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевтың қазасы.