Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Шымкент полицейлері қаланы «мигранттардан» тазартып жатыр

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз етуге арналған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Шымкент полицейлері қаланы «мигранттардан» тазартып жатыр

Бір тәулік ішінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасына қатысты 32 бұзушылықты анықтаған. Олардың ішінде 27 шетелдік және 5 Қазақстан азаматы бар.

15 құқық бұзушылық әрекетке ескерту беріліп, заңды белден басқан 8 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ 9 шетелдік әкімшілік қамауға алынды және сот шешімі бойынша 2 кісі елден шығарылды.

Жедел рейдтік шара барысында қалалық Полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды.

Шетелдік азаматтарды заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз ететін 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы мен ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзған шет мемлекеттің 1 азаматы анықталды.

Естеріңізге салар болсақ, «МИГРАНТ» жедел профилактикалық іс шарасы 20 қаңтарға дейін жалғасады.