Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Балуан Дәулет Шабанбай Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Ауыр салмақта белдесетін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға араға жеті жыл салып Олимпия ойындарының қола медалі табысталатын болды. Есте болса, 2012 жылы Лондонда өткен төртжылдықтың басты бәсекесінің жартылай финалында отандасымыз грузин палуаны Давид Модзманавшилиге есе жіберген еді.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019
Маңғыстау облысында бюджет түсімі артты
Бұл жөнінде Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Еренғалиұлы Жаналиновтің баяндамасында айтылды.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында баспасөз мәслихаты өтіп, онда қала тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық тарифтерді қалыпқа келтіру жайы сөз болды.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019
Солтүстік Қазақстанда мас жүргізуші полиция көлігін соқты
Полиция қызметкерлері жол тәртібі ережелерін өрескел бұзған мас жүргізушіні күшпен тоқтатуға тура келді.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019
Жетісу жастары ауыл шаруашылығына бет бұрмақ
Жетісу жастары арасында ауыл шаруашылығы саласына ден қоюшылар қатары артып келеді. Бұл іске облыстық Жастар ресурстары орталығы ұйытқы болып отыр. Нәтижесінде ауылдарда дән егіп, өнім жинап, өңірдің өркендеуіне үлес қосуға ниетті ұрпақ қалыптасты.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Жетісу жастары атаулы жылда атқарылатын іс жайын ақылдасты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы Жетісу өңіріне жағымды жаңалық ретінде ғана емес, тұтас мерзім бойына атқарылатын жауапкершілігі мол шаралардың хабаршысындай болып жеткен еді. Қазір атаулы жыл аясындағы іс-шаралар легі бастау алып, міндеттер айқындалып жатыр.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
«Egemen Qazaqstan» мен «Жастар» орталығы меморандумға қол қойды
Елбасының биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауына орай, «Egemen Qazaqstan» газеті арнаулы бет шығарып, еліміздегі жастар мәселесін тереңірек талдап жазуды қолға алды. Соған орай кеше газет редакциясы мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Түркістанда мемлекет мұқтаждығы үшін 167 нысанды қайтару жұмыстары жүргізілуде
Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан тұрғындар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайындағы жерлерге туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдік нарықтан әлдеқайда төмен баға беріп жатқанын айтып, ақпарат құралдарына шағымданған болатын. Қаланың жақсы аумағы саналатын жерде тұратын 170-ке тарта шаңыраққа жергілікті әкімдік «жер учаскелері мемлекетке қажет» деген хабарлама жіберген. Ал олардың баспаналарын бағалауға жекеменшік компания нарықтан бірнеше есе төмен баға ұсыныпты.
Өнер • 18 Қаңтар, 2019
Әдебиет • 18 Қаңтар, 2019
Ұлттық Академиялық кітапханада «Депутат» энциклопедиясының тұсауы кесілді. Шараға Сауытбек Абдрахманов, Бақытжан Жұмағұлов, Ольга Шишигина сынды танымал тұлғалар мен сенат, мәжіліс, мәслихат депутаттары қатысты.