Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, грузин спортшысының қанынан тыйым салынған препараттар табылған.
«Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылып, Олимпиада-2012 ережесін бұзды. Ол қатысқан турнирден шеттетіліп, 120 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы еркін күрестен алған медалін қайтаруға міндеттеледі», – деп жазылған ХОК ресми хабарламасында.
Осылайша, Давид күміс медалінен айырылып, оны ресейлік Билял Махов алады, ал ресейліктің еншісіндегі қола медаль Дәулет Шабанбайға беріледі.
Еске салсақ, Дәулет Шабанбай Азия чемпионатының төтр дүркін қола жүлдегері (Оңтүстік Корея – 2008, Таиланд – 2009, Ташкент – 2011, Астана - 2014), «Циолковский мемориалы» халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Польша, 2012 ж.), Гран-При жүлдегері (Германия 2013), «Тахти кубогы» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (Иран, 2014), Азия ойындарының күміс жүлдегері (Оңтүстік Корея, 2014). Қазақстан Республикасының спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ