2019 жылдың 1 қаңтар айының жағдайы бойынша ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджеттің жоспары 100,6% - ға орындалған. Бекітілген жоспар 403,5 млрд теңге болса, бюджетке нақты 406,0 млрд теңге түсті, яғни жоспардан 2,6 млрд теңге артық түсті. Оның ішінде:
- Республикалық бюджет – 101,2%-ға орындалды, жоспар 262,7 млрд.теңге болса, нақты түсім 266,0 млрд теңге, яғни жоспардан 3,3 млрд теңгеге артық түссе, - жергілікті бюджет – 99,5%-ға орындалды, жоспар 140,7 млрд теңге болса, нақты түсім 140,0 млрд теңге, яғни жоспардан 0,7 млрд теңгеге кем түскен.
Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 78,6 млрд теңге артық түсті немесе 124,0% (2017ж. 327,5 млрд теңге түсті).
Бюджеттің барлық деңгейлерінде оң өсу қарқыны 2017 жылдың сәйкес кезегімен қамтамасыз етілді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджетке салық жиынтығы 1067,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 347,2 млрд теңге артық түсті немесе өсу қарқыны 147,9% құрады. Болжамдық көрсеткіштерді орындау мақсатында бюджетке түсетін қосымша резервтерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілген.
Маңғыстау облысы бойынша МКД 2018 жылға арналған болжамын орындау мақсатында бюджетке түсетін қосымша резервтерді табу бойынша жұмыс жүргізілді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша қосымша резервтерден бюджетке 7,5 млрд теңге түсті. Оның ішінде: РБ – 6,4 млрд теңге, ЖБ – 1,1 млрд теңге.
-Біздің басты стратегиялық мақсатымызды орындау үшін – бюджетке түсетін кірісті қамтамасыз ету – салықтық және кедендік әкімшілендіру басты роль атқарады. Салық әкімшілігі саласындағы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және алымдарды толық және уақытылы жинауды, сондай-ақ қажеті бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен, 2018 жылда 834 салықтық тексеріс жүргізілді, атап айтқанда, 118 кешенді, 89 тақырыптық, 273 жекелеген сұрақтар бойынша, 351 қарсы тексеріс, 3 хронометражды тексеріс. Салықтық тексеріс нәтижесі бойынша 10 580 831 мың теңге қосымша есептелді.
Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда, 2015 салықтық тексерулері аяқталды, осылайша, төмендеу 41,4% құрады. 2018 жылдың аталған кезеңі ішінде кедендік тексерулер саны 87 камералық және 8 көшпелі тексеруді құрады деді департамент басшысы.
Айтуынша, кедендік төлемдер мен салықтардың қосымша төлемдерінің сомасы 1 235 521 199 теңгені құрап, 139 329 486 теңге қайтарылған. Салықтық тексерулер сияқты камералдық бақылау – бұл бірін-бірі толықтырып отыратын салықтық бақылау формалары. 2018 жылғы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 2520 салық төлеушінің мекен жайларына 550 430,8 млн теңге сәйкес келмейтін мөлшердегі сомада 4392 хабарландыру, соның ішінде тіркеулері жарамсыз деп танылған 14 контрагентке, жалған мәміле бойынша 191,1 млн теңгеге хабарландыру таратылды. Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша 3994,7 млн теңге қосымша ақы алынды.
Республикалық бюджетке ақша қаражатының түсімі 1218,6 млн теңгені құрады. Сонымен бірге салық төлеушілерден салық қарыздарын жинау бойынша шаралар қабылданып жатыр. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешек сомасы 14,8 млрд теңгені құрады, соның ішінде РБ – 12,2 млрд теңге, ЖБ – 2,6 млрд теңгені құрады. Жыл басымен салыстырғанда берешек сомасы (01.01.2019 ж – 14,3 млрд теңге) 0,5 млрд теңгеге өсті, бұған себеп ағымдағы төлемдер болған – 0,8 млрд теңге. Бүгінгі таңда төлем алынған.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы