Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Суармалы жер көлемін қалай арттыруға болады
«Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық» деген атам қазақ. Мұның өзі қазақ халқының суармалы жер қасиетін ертеден танығандығын білдіреді. Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстан үшін суармалы жердің маңызы өте зор. Суармалы жерсіз құнарлы да сенімді жемшөп базасын жасау мүмкін емес. Ал мұнсыз еліміздің мал шаруашылығы заман талаптарына сәйкес дами алмайды. Суармалы жерлер көкөніс, бақша дақылдарын өсірудің, жеміс-жидек өндірісін дамытудың негізгі көзі болып есептеледі.
Медицина • 18 Қаңтар, 2019
Адамдар барлық игілікті бірге көрмек жұптарынан неге жиі бас тартуға көшті. Елімізде соңғы 10 жылда 1,5 миллион отау құрылса, әр үшінші шаңырақ шайқалған екен. Статистика комитеті 2018 жылдың қорытынды есебін әлі жариялаған жоқ. Дегенмен, былтырғы тоғыз айдың ішіндегі дерек бойынша 101 897 неке тіркеліп, 41 382-сі ажырасып үлгерген. Бұл 2017 жылы (40 503) ажырасып кеткендерден де артық көрсеткіш.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Аралас мектеп мәселесі алаңдатады
Аралас мектеп патша заманынан, Кеңес кезеңінен бері талқыланып келе жатқан, бүгінгі зиялы қауым өкілдері де айтып жүрген өзекті мәселе. Қоғамды толғандырған түйткілдердің бірі болғандықтан, бұл тақырыпты «Egemen Qazaqstan» газеті де ұдайы назарда ұстап отыр. Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлының зерттеуінше, 1937-1938 жылдардың өзінде елімізде 478 аралас мектеп болған екен. Ал бүгінде Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2046 аралас тілде оқытатын мектеп бар.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде
17-19 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел-сауықтыру шарасы өтіп жатыр. Шараның мақсаты – алыс-жақын қашықтықта жолаушы тасымалымен айналысатын көлік иелерінің тәртібін тексеру.
• 17 Қаңтар, 2019
27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019
Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды
Алматыдағы апат салдарынан әуе кемесінің командирі, 1968 жылы туған Валентин Шитов есімді азамат оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем каретасында қаза тапты.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2019
Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ынталандыру және экономиканың агроөнеркәсіптік секторына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019
Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты
Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жүзге жуық оқушысы Wiki Camp акциясына қатысты. Бұл шара биылғы Жастар жылына орай «Жастар - еліміздің мақтанышы» деген ұранмен ұйымдастырылды.
Видео • 17 Қаңтар, 2019
Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)
Бұған дейін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов күдіктілердің анықталғанын айтқан болатын. Олар Қызылорда облысының тумалары. Әзірге олардың аты-жөндері толық аталмады. Министрдің айтуынша, қылмысқа күдіктілер үшеу және оларға іздеу жарияланды. Ал оқиғаның жай-жапсары бейнежазбада айтылған.