Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Алматыдағы Баум тоғайы түрлене түспек

Алматылықтар жиі келетін орындардың бірі қаладағы Баум тоғайы. Бүгінгі күнге дейін тоғай республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың санатына кіргендіктен, заң жүзінде мұнда қандай да бір жұмыстар жүргізуге тыйым салынып келген еді. Жуырда ғана қала әкімдігінің қарамағына өткен тоғай енді жаңа кейіпте түрлене түспек.

Бокс • 17 Қаңтар, 2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

Сербияда әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Olympic.kz қазақстандық боксшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынады. 

Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

Талдықорған қаласында Smart аялдама мен ақылды жаяу жүргіншілер жолы іске қосылады.

Спорт • 17 Қаңтар, 2019

Қазақстандық теннисшілер жұбы екінші кезеңге шықты

Мельбурнде өтіп жатқан Австралияның ашық біріншілігінде қазақстандық жұп Юлия Путинцева мен Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

Қысқы спорт • 17 Қаңтар, 2019

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19 қаңтар күні АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында фристайлдан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтеді. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хоккей • 17 Қаңтар, 2019

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті

Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар құрамасы 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының 1 дивизионында кезекті рет жеңіске жетті. Бұл туралы olympic.kz хабарлады. 

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты

Батыс Қазақстан облысында биылғы қыс боранды-қарлы болып тұр. Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері боранды алдын ала ескерту және автокөлік жолдарының жабылғанын тұрғындарға жеткізу үшін 43 мәрте SMS-хабарлама таратқан.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

 Қостанайда 867 үкіметтік емес ұйымның 586-ы жұмыс істейді

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті органға, яғни Қоғамдық даму министрлігіне өз қызметі туралы есеп беруге міндетті. Егер есеп бермеген жағдайда, алдымен ескертіледі, одан да нәтиже болмаса, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе қызметі 3 айға тоқтатылады. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Бәйменова хабардар етті.  

Қаржы • 17 Қаңтар, 2019

Әр төртінші заем «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген

2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салымшыларын 59,7 млрд теңгеге несиелендіруді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы банк клиенттеріне арналған тұрғын үй елдің барлық аймағында сатылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

Батыс Қазақстан облысында 450 мемлекеттік орган бар. Оларда 4149 адам қызмет атқарып жүр. Ал 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Масимова хабарлады.