Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

 «Мақсат. Әрекет. Жетістік» серпін клубының таныстырылымы өтті

Жастар жылы ел келешегі - жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралармен ерекшеленбек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Мақсат. Әрекет. Жетістік» серпін клубының таныстырылымы өтіп, жас оқырмандар клубтың бағдарламасы мен бағыттарына қатысты пікірлерімен бөлісті.

17 Қаңтар, 2019

«Шұбаркөл көмір» үш тепловоз сатып алды

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ темір жол паркінің дамуына 2,7 млрд теңгеден астам қаржы салынды. Оны жаңғырту және кеңейту кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен өндіріс өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

Парламент • 17 Қаңтар, 2019

Қазақстан-Тәжікстан азаматтары екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Бүгін «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтарының Тәжікстан аумағында және Тәжікстан азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.

Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019

Қазақстанда 700 мыңға жуық адам қант диабетімен ауырады – Динар Нөкетаева

Депутаттар елімізде қант диабетінің көбейіп кетуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Сенаттың жалпы отырысында Динар Нөкетаева осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына депутаттық сауал жолдады.

Экономика • 17 Қаңтар, 2019

Ауыл жастарына қамқорлық керек – Әли Бектаев

Осы мәселе туралы Сенат отырысында депутат Әли Бектаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.

Парламент • 17 Қаңтар, 2019

Сенат отырысында Қазақстан-Тәжікстан арасындағы көші-қон мәселесі қаралды

Бүгін Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.

Әлем • 17 Қаңтар, 2019

Әзербайжан мен Армения СІМ халықты бейбітшілікке бастауға келісті

Әзербайжан мен Армения СІМ Париждегі кездесуі халықты бейбітшілікке дайындау үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бітіммен ақталды. Бұл туралы Trend ақпараттық агенттігі хабарлады.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

«Автоураган»-нан оңай құтылмайсың

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Полиция департаменті өз қызметкерлерінің күнделікті қызметіне сандық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, өткен жылдың соңын ала Қордай ауданында құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған «Автоураган» төрт аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастаған болатын. Бұл өз кезегінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектесіп қана қоймай, азаматтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Спорт • 17 Қаңтар, 2019

«Астананың» велошабандозы үшінші орынға көтерілді

Австралияда өтіп жатқан «Тур Даун Андер» көпкүндігінің үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Айтулы бәсеке 146,2 шақырымдық қашықтықты құраған Лобетал мен Юрэйдл аймақтары бойынша өтті.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Қызылордалық жастар республикалық акция жариялады

Қызылорда қаласында А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының жылдық қорытынды кеші өтті. 2018 жыл Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатына табысты жыл болды деуге болады. Аймақтағы кітапханаларды заман талабына сай жаңғыртып, жастарға тартымды етіп, қала, аудан орталықтарындағы кітапханалар «Білім орталықтарына» айналды.