Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-19 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел-сауықтыру шарасы өтіп жатыр. Шараның мақсаты – алыс-жақын қашықтықта жолаушы тасымалымен айналысатын көлік иелерінің тәртібін тексеру.

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

Журналистердің қатысуымен өткен алғашқы күндік рейд кезінде «Рубеж-Орал» стационарлық бекетінде тексерілген «ГАЗель» автокөлігі жүргізушісінің құжаттары дұрыс болмай шықты. Өзбекстан Республикасының азаматтарын тиеп алып, «Воронеж-Шымкент» бағытына жол тартқан көлік Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодекстің үш бірдей бабын бұзған екен. Жүргізушінің еңбек режимі сақталмаған, қауіпсіздік белдігін қолданбаған және көлік құралын пайдалану ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- 2018 жылы өңірде қоғамдық көліктер 11 мәрте жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Бұл оқиғалардан 7 адам қаза тауып, 15-і әртүрлі жарақат алды. Осы 11 оқиғаның алтауы – автобус жүргізушінің кінәсінен болған екен. Нәтижесінде 3 адам өліп, 6 жолаушы жараланды, - дейді Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Әлия Наурызғалиева.

Қазақстанда 16-20 қаңтар аралығында еліміздің көші-қон заңдылықтарын бұзушыларды анықтау мақсатында «Мигрант» жедел-сауықтыру шарасы да өтіп жатыр.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан