Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Жансая Әбдімәлік «Cairns Cup 2019» турниріне шақыртылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жансая Әбдімәлік «Cairns Cup 2019» турниріне шақырту алды. Ұйымдастырушылар жас ерекшелігіне қарамастан әлемнің он үздік шахматшысын таңдап, АҚШ-та өтетін негізгі турнирге жеке шақырту жіберген.

Жансая Әбдімәлік «Cairns Cup 2019» турниріне шақыртылды

«Шынымды айтсам, бұл турнирге шақырту аламын деп ешқашан ойламаған едім. «Saint Louis Chess Club» версиясы бойынша әлемнің үздік ондығына кіру – үлкен мәртебе және мол жауапкершілік» деді Жансая Әбдімәлік.

Биыл бірінші рет өткізілетін «Cairns Cup 2019» турнирі алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін турнирлердің бірі болмақ. Турнир 2 ақпан күні  Миссури штаты Сент-Луистегі атақты Chess Club-та басталады.

Турнирдің жүлде қоры - 150 000$. Бұл айнымалы жүйе бойынша өткізілетін әйелдер шахматындағы ең қомақты қаражат. Бірінші орын алған ойыншыға 40 000 және оныншы орын алса - 5 000$ қаражат беріледі.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова да әлемнің ең мықты шахмат турниріне шақырту алған.