Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Елбасы «Қазақтелеком» АҚ Мәліметтерді өңдеу орталығында болды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары барысында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы желілік магистралінің техникалық торабы Мәліметтерді өңдеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Елбасы «Қазақтелеком» АҚ Мәліметтерді өңдеу орталығында болды

Бұл орталық қаладағы барлық бейнебақылау, энергия ресурстарына экологиялық мониторинг, бақылау және есеп жүргізу, жол трафигін басқару, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінен келіп түсетін мәліметтерді жинақтап, «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына жолдайды.