Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2017
Бобыржан Момынов жекпе-жегінің видеосы жарияланды
Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов пен аргентиналық Леонардо Фабио Амитрано жекпе-жегінің видеосы жарияланды.
Әлем • 07 Қазан, 2017
Ресейде көлік апатына ұшыраған қазақстандық уақытша орналастыру пунктінде жатыр
Ресей Федерациясының Владимир облысында көлік апатына ұшыраған қазақстандық Нұрғали Сарманов уақытша орналастыру пунктінде жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қазақстан • 07 Қазан, 2017
Алматыда Сағат Әшімбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай ауқымды іс-шара өтті
Жұма күні Алматы аспаны шайдай ашылды. Екі күн бойы толассыз жауған ақ жауын сап тиылып, ару қаланы әсем күннің шуағы аймалады. Өйткені, дәл осы күні Алатау-абыз ақ баласын тебірене еске алды. Алатау ғана емес, күллі Алаш жұрты көрнекті қоғам қайраткері, сыншы, публицист Сағат Әшімбаевтың артына қалдырған өлмес мұрасын әспеттеп, дара тұлғаның рухын тағы бір аспандатты. Алматы төрінде талант иесінің 70 жылдығына орай қос бірдей ауқымы кең іс-шара өтті.
Қазақстан • 07 Қазан, 2017
Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың сөздеріне байланысты мәлімдеме жасады
Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың сөздеріне байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Әлем • 07 Қазан, 2017
Елімізде құрастырылған автокөліктер Тәжікстан нарығына шықты
Бүгін Душанбеде Қазақстанда шығарылған автомобильдердің 55 дана алғашқы партиясын «Холдинг Азия групп Таджикистан» ЖАҚ таксомотор паркіне тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл жайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 07 Қазан, 2017
Швецияның Қазақстандағы елшісі еліміздің мемлекеттік наградасымен марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камиллге оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыстады. Бұл туралы mfa.kz хабарлады.
Бокс • 07 Қазан, 2017
Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа ауысты
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов енді кәсіпқой бокста ғана өнер көрсетеді, деп хабарлайды qsport.kz.
Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2017
Геннадий Головкин WBC кеңесінің Мексикадағы елшісі атанды
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Мексикадағы елшісі атанды. Бұл туралы кеңестің президенті Маурисио Сулейман айтты.
Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2017
Жақиянов-Барнетт жекпе-жегі қай уақытта басталатыны белгілі болды
Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесу қай уақытта басталатыны белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2017
Армиялық авиация ұшқыштары 2017 жылғы қорытынды тексерісті тапсыруда
2017 оқу жылғы әскерлердің қорытынды тексеруді тапсыруы шеңберінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының комиссиясы Алматы, Ақтау және Семей гарнизондарының әскери бөлімдерін тексеруде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.