Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Өркениет ағымына жетелейтін тарихи шешім
Қазақ елі рухани-мәдени мұрасын өзгелерге танытып, әлемдік қауымдастық алдында дербес мемлекет ретінде мойындатып отырған қазіргі тұсында мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесін Елбасымыз дер шағында көтеріп, оны Парламент Мәжілісі көп күттірмей талқыға салып, ел ішінде жаппай қолдауға ие болып отырғаны көңіл қуантады.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Балалардың демалысы бақылаусыз қалмасын
Бүгінгі таңда балалар арасындағы жарақат алулардың көбейіп бара жатқаны жұрттың бәрін де толғандырып жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы деректеріне қарағанда олардың саны 162 399 болса, 2016 жылдың деректеріне қарағанда 9,8 пайызға артып, 178 360 жеткен. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 16 мыңға артты деген сөз.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Үлгіліден үйренуге асық болайық
ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығы басталар тұста Қазақ елі ұлы бетбұрыстың алдында тұр. Және бұл бетбұрыс бұған дейінгілерден ғаламат! Өйткені біз дәл қазір болашақ әлемдегі Қазақстанның орнын сайлап жатырмыз. Ол орынның қандай болатыны басқа емес, сіз бен біздің бүгінгі таңдауымызға байланысты болмақ.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2017
Зейнетақы қорының қаражаты қайтарылады
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Мәжілістің «Халық коммунистері» фракциясының Айқын Қоңыров бастаған мүшелері Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевқа депутаттық сауал жолдап, Зейнетақы қорынан Әзербайжан халықаралық банкінің (ӘХБ) облигацияларын 250 млн долларға алғанын, ал 2017 жылғы ақпанда Moody`s халықаралық кредиттік агенттігінің деректері бойынша ӘХБ-ның рейтингі теріс болжамды «В1» деңгейіне дейін төмендегенін, сондықтан БЗЖҚ-ға облигацияға салынған қаражатты қайтару қалай шешілетініне алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдаған еді.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2017
БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады
БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Мирослав Лайчак Қазақстанның халықаралық істердегі, әсіресе қарусыздану және жанжалдарды реттеу мәселелеріндегі сындарлы рөлін жоғары бағалады, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2017
Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының жетекшісі – Қазақстан
Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы – ТМД елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін серіктес ұйым. Қазақстан осы қауымдастыққа төрағалық ету құрметіне ие болды. Мұны Астанадағы «ЭКСПО-Конгресс» орталығында «Әлеуметтік аударымдар – еңбекпен қамтылған халықтың сенімді әлеуметтік төлемақысы» тақырыбында өткен республикалық семинар барысында Халықаралық әлеуметтік сақтандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски жеткізді. Айта кету керек, бұл қауымдастыққа 150-ден астам ел мүше.
ЭКСПО-2017 • 22 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО технологиялары білім саласында қолданылады
Кеше Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институтының мамандары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған тың технологиялар мен үздік жобаларды еліміздің білім саласына енгізу жөнінде әңгіме өрбітті.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2017
Сербиямен қатынас құжаты қаралды
Қазақстан мен Сербияның құқықтық мәселелер жөніндегі 2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Президент • 22 Қыркүйек, 2017
Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуі туралы шешімге байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар туралы хабарлады.
Президент • 22 Қыркүйек, 2017
Елбасы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
Елбасы Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.