Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Атырауда Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті
Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында белгілі қаламгерлер Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
• 07 Қыркүйек, 2017
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Астананың жасыл белдеу» атты экологиялық акция өтті.
Жазғы спорт • 07 Қыркүйек, 2017
Қазақстандық велошабандоз Оңтүстік Кореядағы жарыста жеңіске жетті
Оңтүстік Кореяда TourdeDMZ 2017 тасжолындағы көпкүндік веложарыс өз мәресіне жетті. Ұлт Кубогы кезеңдерінің бірі саналатын додаға жасөспірімдердің 21 командасы қатысты, олардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасы да бар, деп хабарлайды «Қазақстан велосипед спорты федерациясы».
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Бақытжан Сағынтаев ExxonMobil компаниясының өкілдерімен кездесті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компания президенті Н. Даффин бастаған ExxonMobil Production Co. өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 07 Қыркүйек, 2017
EXPO қалашығында отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі өтті
Бүгін Қазақстан дизайнерлерін қолдау мақсатында БҰҰ Даму Бағдарламасы EXPO-2017 аумағында сән көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шара жасыл экономикаға назар аударту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторында жұмыс орындарын ашу мақсатымен өткізілді.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2017
Қостанайда адам құқықтарын қорғау жөнінде семинар-тренинг өтті
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің, Қостанай облысы әкімдігінің қатысуымен Қостанайдағы мемлекеттік қызметшілерге, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдеріне арнап «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Астанада италиялық хирург көмейі тарылған балаларға операция жасады
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 4 және 8 қыркүйек аралығында «Балалардың 4-дәрежелі тыртық көмейінің тарылуын хирургиялық жолмен емдеу» тақырыбында шеберлік класстары өтуде.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2017
Қазақ халқын қорғаушы 14 оғлан туралы кітап шықты
Орал қаласында жергілікті журналист, белгілі тележүргізуші, ақын Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» кітабының тұсауы кесілді. Шығарма шынайы оқиға – 1940 жылы сол кездегі Орал облысы Фурманов ауданында құрылған жасырын ұйым туралы жазылған.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
«Нұрлы жер» бағдарламасы туралы онлайн-кеңес алуға болады
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы туралы ақпараттар базасы жинақталатын «Баспана.kz» порталы жыл соңына дейін іске қосылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары осы портал арқылы қалаған пәтерді таңдап, сатып алу ісін онлайн атқара алады. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Сандық павильонда өткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі-онлайн» шарасында аталған банктің басқарама төрайымы Ләззат Ибрагимова банктің оңтайландырылған жаңа қызметтері туралы айтып берді.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Жас ғалым ағылшын тілінің айрықша оқулығын шығарды
Шығыс Қазақстан облысында қарапайым ғана отбасында туылып, ауыл мектебін үздік бітірген соң, Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсіп, еліміздегі жастарға жасалып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімдерін шетелде жалғастырып жатқан ағайынды Қуаныш және Ержан Жұмабековтердің жетістігі біраз жұртқа үлгі етуге тұрарлық-ақ.