Шығыс Қазақстан облысында қарапайым ғана отбасында туылып, ауыл мектебін үздік бітірген соң, Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсіп, еліміздегі жастарға жасалып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімдерін шетелде жалғастырып жатқан ағайынды Қуаныш және Ержан Жұмабековтердің жетістігі біраз жұртқа үлгі етуге тұрарлық-ақ.

ҚР Ұлттық кітапханасында жас ғалым Қуаныш Жұмабековтың «Let’s Learn to Speak English» атты оқулығы мен ақын Ержан Жұмабектің түрік тіліне аударылып жарық көрген «Sonsuzluk Şûlesi» («Шексіздік шұғыласы») атты өлең жинағы кітапсүйер қауымның назарына ұсынылды.
Малайзияда білім алып, кейіннен Түркияда РhD докторы атанған жас ғалым, 8 тілді еркін меңгерген аудармашы Қуаныш Жұмабектің «Let’s Learn to Speak English» атты айрықша кітабы ағылшын тілін меңгеруге ұмтылған жастарға үлкен көмек болары сөзсіз. Бұлай дейтініміз, аталмыш кітап ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде түсіндіретін бірден-бір оқу құралы болып табылады. Бір бөлімі ағылшын тілінде ұсынылған қазақ ертегілерінен тұратын үш бөлімді кітапқа америкалық ағылшын тілінде жиі кездесетін сөздер, сондай-ақ, британиялық ағылшын тілі мен америкалық ағылшын тіліндегі болымсыз етістіктің 277 түрі енген екен.
«Ағылшын тілін алғаш үйреніп жүргенімде барлық ақпарат көзі тек орысша болды. Сондықтан қазақша сөйлейтін адамдардың ағылшын тілін үйренуіне ыңғайлы кітап шығаруды жөн көрдім. Көптеген тіл үйрену оқулықтарындағы мысалдардың шетелмен байланысып келетінін ескеріп, мен өз ауыз әдебиетіміздегі кейіпкерлерді енгіздім. Кітаптағы мысалдардың бәрінде жер-су, адам аттарын өз дүниетанымымызға қатысты етіп жазып, «Алтын сақа», «Жалғыз көзді жалмауыз», «Қаншайым мен жеті өнерпаз» сияқты қазақ халық ертегілерін ұлттық бояуын бұзбастан ағылшын тіліне аударып шықтым. Бұл басқа тілдерге сүйенбей-ақ ағылшынша үйренуге болатын, тікелей қазақ аудиториясына арналған оқулық», – деген Қуаныш Жұмабеков аталмыш кітап алдағы уақытта еліміздегі жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің бағдарламаларына енсе деген үмітін жеткізді. Ғылыммен қатар, аудармашылықты қатар алып жүрген талантты жас қазақ әдебиетінің жауһарларын да шет тіліне ұлттық мүддемізді жоғары қоятын, екі тілді еркін меңгерген, қазақ ұлты мәдениетінің нәріне сусындап өскен аудармашылардың аударғанын құп көретінін айта келіп, болашақта Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын ағылшын тіліне қайта аударып шықсам деген арманымен бөлісті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткен аталмыш жиында сондай-ақ, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, Түркияда білім алып жатқан PhD доктор, ақын Ержан Жұмабектің 2012 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Шексіздік шұғыласы» таңдамалы өлеңдер жинағының Түркияда «Sonsuzluk Şûlesi» деген атпен жарық көрген аударма нұсқасы көпшілікке таныстырылды. Ақын өлеңдерін түрік тіліне аударған Самал Жұмабек, ғалым Серікқазы Қорабай, ақын Әділғазы Қайырбек, профессор Темірхан Тебегенов, Анкарадағы Гази университетінің өкілі Осман Хабдайы тұсауын кескен кітап жайында белгілі ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы: «Бұл кітапты түрік әлемімен түсінісуге деген талпыныс десек болар. Абай, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Жамбыл, Сүйінбай, Төлеген Айбергенов, Темірхан Медетбеков, қазіргі ақындардан Танагөз Ілиясова, Дәурен Берікқажыұлы сынды бірен-саран ғана ақындардың ғана шығармалары түрік тіліне аударылған еді. Енді түрік әлеміндегі қазақ әдебиетінің насихатталуына үлес қосар сондай кітаптың бірі – Ержан Жұмабектің «Sonsuzluk Şûlesi» болмақ. Кітапта ақынның поэтикалық албырттығы пен махаббатқа деген адалдығы аңғарылатын өлеңдерінің қазақша және түрікше нұсқалары қатар берілген. Әлемнің әр шалғайында білім алып жатқан қазақ жастары көп-ақ, дегенмен, шетелде тек білімін жетілдіріп қана қоймай, өз еліне, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жастардың мұндай бастамалары көңіл қуантады» – деп пікір білдірді.
Түркияның Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ерлі-зайыпты Самал және Қуаныш Жұмабековтер аударып шыққан «Sonsuzluk Şûlesi» түрік ұлттық кітапханалары мен қорларына таратылған екен.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:13
Президент Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Президент • Бүгін, 17:55
Алан Құрманғалиев Испаниядағы бәсекеде жүлделі орын алды
Спорт • Бүгін, 17:43
Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 17:37
Ерлан Қарин Алматыдағы концертте орын алған келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 17:23
Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Президент мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады
Президент • Бүгін, 16:52
Елордада велосипедшілер шеруі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:45
232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Қаржы • Бүгін, 16:23
Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының форумы өтеді
Елорда • Бүгін, 16:17
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентімен сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:04
Демалыс күндері 33 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 15:50
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:40
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:33
Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді
Референдум-2022 • Бүгін, 15:25
Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 15:12
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 15:00
Үй кезегін жылжытуға тырысқан бойжеткен алаяқтарға алданып қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Елдегі қылмыс жасағандардың 80 пайызы жұмыссыздар
Қазақстан • Бүгін, 14:35
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Қазақстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 14:12
Армения алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды
Әлем • Бүгін, 13:59
Шардарада балық аулаудан республикалық жарыс өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:42
Досын пышақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 13:27
Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады
Әлем • Бүгін, 13:18
Саяжайдан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Рио-де-Жанейродағы полиция операциясынан 21 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 12:54
Түркістан облысында бір аптада 90-нан астам құқықбұзушылық анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады
Елорда • Бүгін, 12:35
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береді
Қазақстан • Бүгін, 12:25
Солтүстік Қазақстанда қант тағы қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:07
Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:54
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:42
Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
Медицина • Бүгін, 11:35
Қарағандыда кабель мен кәріз люктерін ұрлап кеткендер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:14
Президент Мырзатай Жолдасбековті құттықтады
Президент • Бүгін, 11:08
9,5 млн адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Ұқсас жаңалықтар