Әлем • Кеше

АҚШ Грин-картадан неге бас тартты?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм елдегі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты диверсификациялық визалық лотерея (DV1) бағдарламасын дереу тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл қадамға Брауновск университетінде болған қайғылы оқиға себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Грин-картадан неге бас тартты?

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, университетте атыс шығарған Клаудио Мануэль Невес Валентенің елге 2017 жылы дәл осы Грин-карта бағдарламасы бойынша келгенін мәлімдеді. Күдікті кезінде DV1 лотереясы арқылы виза алып, кейіннен грин-карта иеленген.
«Бұл жиіркенішті адамға біздің елге кіруге ешқашан рұқсат берілмеуі керек еді», деп жазды министр өзінің X желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, Кристи Ноэм 2017 жылы Нью-Йоркте болған тағы бір қанды оқиғаны мысалға келтірді. Сол тұста DV1 бағдарламасымен келген ИГИЛ терроршы жүк көлігімен сегіз адамды қағып өлтірген болатын. Министр сол уақыттан бері президент Трамптың бұл бағдарламаны тоқтату үшін күресіп келгенін еске салды.
«Президент Трамптың нұсқауымен мен USCIS-ке (АҚШ-тың азаматтық және иммиграциялық қызметі) осы бағдарламадан бұдан былай америкалықтар зардап шекпеуі үшін DV1 бағдарламасын дереу тоқтатуды тапсырамын», деп хабарлады Кристи Ноэм.
Айта кетейік, Грин-карта (Permanent Resident Card) – АҚШ-та тұрақты тұруға және жұмыс істеуге заңды құқық беретін құжат. Бұл шетелдіктер үшін Америкаға қоныс аударудың ең тиімді жолы саналып келген еді. Соңғы рет лотерея нәтижелері осы жылдың көктемінде жарияланған болатын. Ендігі кезекте бағдарламаның болашағы қатаң бақылауға алынбақ.
Соңғы жаңалықтар