Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
«ҚазАқпарат» Иранның танымал ақпарат агенттігімен меморандумға қол қойды
Бүгін Ислам республикасы Ақпарат Агенттігі (ИРНА) мен «ҚазАқпарат» Халықаралық Агенттігі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына барды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапардың басты мақсаты – «Өңірлерді дамыту-2020», «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы сияқты негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен және Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күні өтті
ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктері ұлттық күнін өткізді. Енді жаһандық көрме 2020 жылы Дубайда өтеді. Сондықтан арабтар өздерінің Астанадағы халықаралық шараға қатысуын сол айтулы күнге дайындықтың басы деп есептейді.
Білім • 06 Қыркүйек, 2017
Павлодар мектептеріне бес күндік оқу жүйесі енгізіледі
Павлодар қаласында барлық жалпы орта білім беру мектептерінің 1-11 сыныптары бес күндік оқу режиміне көшеді, деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан-Польша бизнес форумында 10 меморандумға қол қойылды
Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтіп жатыр. Іс-шараға 450-ге жуық бизнес өкілі, соның ішінде екі елдің жетекші компанияларының басшылары қатысуда. Форум барысында Қазақстан мен Польша компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды.
Президент • 06 Қыркүйек, 2017
Н.Назарбаев: Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Дудаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қызылордада АЭК республикалық жаттығуы басталды
Қызылордада аймақтық энергетикалық компаниялардың (АЭК) жедел-жөндеу қызметкерлерінің кезекті республикалық кәсіби-техникалық оқу-жаттығуы басталды. Шараға Қазақстанның 10 облысынан командалар қатысуда.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан мен Қытай мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығын атап өтуде
Ақтөбеде Қазақстан республикасы мен Қытай халық республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Астана әкімдігі 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады
Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады: қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Солтүстікқазақстандық спортшы паралимпиялық марафонда топ жарды
Паралимпиялық ойындарға қатысушы Олег Сысолятин Астанада өткен ірі халықаралық марафонда алтыннан алқа тақты.